Қоғам

Жас инспекторлар жарысып жатыр

Жас инспекторлар жарысып жатыр


Өскеменде еліміздің өңірлік жеңімпаздары, сондай-ақ, Ресей мен Қырғызстан командаларының қатысуымен Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысы республикалық слеті өтіп жатыр. Шығысқазақстандық мектеп оқушылары слетке қатысушыларды жылы қарсы алды. Жекпе-жек сарайында слеттің ашылуына жиналған мектеп оқушыларының назарына жол қозғалысы қағидаларын сақтау, балалардың жол-көлік жарақаттарының профилактикасы тақырыбында әсерлі қойылымдар және шоу көрсетілді. Мыңдаған балалардың алдында жас өнерпаздардың шығармашылық тобы өз өнерлерін көрсетті.
Атқарушы билік, білім беру және полиция органдарының бірлесіп ұйымдастырған салтанатты іс-шарасы әрбір жас слет қатысушысының және жас көрермендердің жүректерінде ұмытылмастай әсер қалдырды.

Осы слет Өскемен қаласының маңындағы сұлу табиғат аясында орналасқан «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығында (бұрынғы «Матросов» балаларды-сауықтыру орталығы) өтуде. Слетқа қатысушы оқушылар сайысқа қатысумен шектелмей, демалуға және Шығыс Қазақстан табиғатының әдемілігін тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Слетқа барлығы 18 команда – 180 оқушы қатысып, үздік жас инспекторлар «Жол жүрісі қағидасын білу», «Жас реттеуші», «Велосипедті мәнерлеп айдау», «Эрудиттер байқауы», «Жас санитарлар», «Велосипедті автоқалашықта айдау», «Үгіт бригадалар байқауы», «Саптық жарыс» байқауларында бақ сынауда.

Слетті өткізу бағдарламасы бойынша жарыстардан басқа, көптеген қызықты спорттық және мәдени іс-шаралар, байқаулар, саяхаттар, семинарлар және кездесулер өткізілді.

– Байқаулардың нәтижелері бойынша Қазақстанның 2017 жылғы ең мықты ЖИҚ командалары анықталады. Слетке ТМД елдерінің жасақтары қатысатындықтан, аталмыш шараның халықаралық маңызы бар. ЖИҚ слеттері мен байқаулары жас ұрпақтың мәдени деңгейіне жағымды әсер етеді, балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауға ықпал етіп, жасөспірімдердің жол-көліктік жарақаттану оқиғаларының алдын алуға нақты ықпалын тигізеді, – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоқты Боранова.

ЖИҚ слетінің негізгі мақсаты – балаларды және жасөспірімдерді жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру, жол қозғалысы заңына бағынуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының санын төмендету, жол жүрісі қағидалары бойынша қатысушылардың білім сапасын көтеру бойынша жұмыстарды жандандыру. Жас инспекторлардың қозғалысы алғаш 1973 жылы өркендей бастады.

Ал 2001 жылы ІІМ жол полициясының комитеті бұл қозғалысты қайта жандандыру және Алматы қаласында алғашқы слет өткізу бастамасымен шықты.
Шығыста өтіп жатқан республикалық слет бүгін аяқталады.

Лаура Тілеубайқызы

Осы айдарда

Білім

Жас инспекторлар жарысып жатыр

Жас инспекторлар жарысып жатыр

Өскеменде Халық қаһарманы, полиция полковнигі Ғазиз Байтасов атындағы жол қозғалысы жас инспекторларының XIV республикалық слеті ашылды. Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев қатысты.

Слетке ұзын саны 180 бала келді. Еліміздің барлық облыстарынан және Ресей мен Тәжікстаннан келген командалардың әрқайсысы жеңістен үмітті. Естеріңізде болса, былтыр Ақмола облысында өткен слетте аймағымыздың құрама командасы жеңімпаз атанып, биылғы слетті біздің облыста өткізуге шешім шығарылған болатын.

– Ұйымдастырылып отырған слеттің өзіндік тарихы бар. Бұл дәстүрлі шара Қазақстанда осыдан 14 жыл бұрын басталған. Сол жылы жас инспекторлар слеті халықаралық дәрежеге жетті. Шараның негізгі мақсаты – балаларды жол ережесін естен шығармауға тәрбиелеу. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев.

2001 жылы жас инспекторлар слетінде жол қозғалысы жас инспекторларының сайысы ұйымдастырылған болатын. Содан бері елімізде жыл сайын жас инспекторлар жарысын өткізу дәстүрге айналды.

Іс-шара барысында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Рашид Жақыпов және ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ермек Құсайынов жас инспекторларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Ашылу салтанаты одан әрі мың бұралған бимен, көңілді әнмен әрленді.

Шілденің 2-сіне дейін А.Матросов атындағы балалардың сауықтыру кешенінде өтетін жа-рыстың негізгі мақсаты – елін лаңкестерден қорғап, ерлік көрсеткен Тараз қаласының жол инспекторы Ғазиз Байтасовты еске алу. Он күнге созылатын жарыс-та жас инспекторлар 10 номинация бойынша сайысқа түседі. Атап айтар болсақ, жол ережесін білуі, велосипед тебу, сапта жүру, жолдағы жүргізушілердің жүрісін реттеу, «қауіпсіз жол» суреттер сайысы, жол полициясының тарихынан қойылатын сұрақтарға жауап беру, жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандарға жедел меди-циналық көмек көрсету және жол қиылысындағы қозғалысты реттеу.

Ал жол полициясының қызметкерлері ресейлік әріптестерімен тәжірибе алмасады. Және де жас инспекторларға тренинг оқулар ұйымдастырылады.

– Бізді құшақ жая қарсы алды. Бірінші орынды аламыз деп ойлаймын. Тәжірибеміз бар. Былтыр Мәскеуде өткен додада үздік атандық, – дейді Тәжікстаннан келген Шукрона Сироджиддинова.

Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, жан-жақтан слетке келген балалар өз мектептерінде жол жүру ережесін сақтауды қатты қадағалайды екен.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button