БілімЖаңалықтарТОП

Жарты ғасырдан асқан мектеп жаңарады – Тарбағатай ауданы

Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі 50 жылдан астам уақыт өтсе де жөні түзу жөндеу көрмей, кетеуі кете бастаған еді.

Ұлт ұстазының атындағы білім ордасын бұлай тоздырып қою елге сын екенін қаперге алған жергілікті билік ескі ғимаратқа күрделі жөндеуді биыл қолға алды. Сөйтіп оған мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 365 миллион теңге қаражат бөлінді, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

Тарбағатай ауданының білім бөлімінің дерегінше, күрделі жөндеу екі жылға жоспарланғандықтан биыл 146 миллион теңгеге мектептің сырты мен шатыры, ал келер жылы қалған қаражатқа ішкі жұмыстары жасалмақшы екен.
Құрылыс жұмыстарының барысы да ұдайы назарда дейді жергілікті атқарушы билік өкілдерді. Жуырда Amanat партиясының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Болат Нұрпейісов, аудан әкімінің орынбасары Талант Бакытбекұлы, аудандық ТҮКШ, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Серік Сабырбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Самал Дауытбаева А.Байтұрсынов мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан, жөндеудің уақтылы әрі сапалы атқарылуы партия бақылауында болатындығын да ескерткен.
Рас, ХІХ бен ХХ ғасыр тоғысындағы Алаш қайраткерлерінің алатын орны ерекше десек, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы жауапкершілігі, отансүйгіштігі мен биік мақсаттары – бүгінгі ұрпаққа өшпес өнеге. Алаш интеллигенциясының өнегелі де ғибратты қоғамдық ойлары, рухани тәжірибесі жылдар өте тарих толқынындағы қазақ ұлтын демеп тұрары сөзсіз деп есептейміз.

Ерлан Бапанов, Тарбағатай

Осы айдарда

Back to top button