Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі
Д.Серікбаев атындағы техникалық университеттегі Сәулет, құрылыс және дизайн мектебі 1958 жылдан бастап сәулет, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, автомобиль жолдары, көпірлер мен тоннельдер құрылысы, сумен жабдықтау және су бұру саласында, сондай-ақ дизайн, стандарттау және сертификаттау, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, геодезия және картография, жерге орналастыру және кадастр бағыттары бойынша мамандар даярлайтын ежелгі мектептердің бірі.
Мектеп болашақ мамандарды бакалавриат және магистратура бойынша даярлайды. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың тәжірибесі, бірегей материалдық-техникалық база және заманауи ғылыми зертханалар сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді.
Университет ректоры Жасұлан Шаймардановтың айтуынша, бакалаврлар мен магистрлерді даярлауды 80 штаттық оқытушы жүзеге асырады. Олардың арасында техника, физика-математика және педагогика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары бар. Жетекші оқытушылар тек оқулықтардың, оқу құралдары мен электронды оқулықтардың ғана емес, сонымен қатар өнертабыстардың да авторлары. Мектеп шетелдердің ғылыми-зерттеу институттарымен, жоғары оқу орындарымен, кәсіпорындарымен шығармашылық байланыста.
Мектеп жанында үш орталық жұмыс істейді: құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы, Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығы және BIM жобалау орталығы.
Автомобиль жолдарын жобалау және салу
Даярлау деңгейі-бакалавриат. Бұл білім бағдарламасы жол құрылысының әртүрлі саласындағы жобалау және құрылыс қызметіне, жол құрылысы материалдары мен бұйымдарын жобалау, салу, жасау және өңдеу кезінде инновациялық әдістерді әзірлеумен байланысты міндеттерді шешуде ғылыми зерттеулерге қатысатын мамандарды даярлайды.
Техникалық университеттің басты артықшылықтарының бірі – инженерлік кадрларды даярлауда практикалық-бағытталған тәсіл. Қазіргі білім беру талаптарына сәйкес дәстүрлі академиялық басымдық кәсіпкерлік және инновациялық қызмет тәжірибесін қалыптастыру жағына қарай ауысуда. «Простор» жазғы экспедициялық кампусының рөлі университеттің бағыттары бойынша тәжірибелік құзыреттілікті бекітуге арналған және жазғы семестрде жаңа курстар өткізуге, курстық, дипломдық жобалар үшін материалдар жинауға мүмкіндік береді.
Түлектерді жұмысқа орналастыру бағытындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жыл сайын студенттер үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, оған университетпен ынтымақтасатын жол саласы кәсіпорындарының өкілдері шақырылады. Олар – «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ аймақтық филиалы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалы, «Катон-Қарағай ПДУ» ЖШС, «КазахАвтоДор» ЖШС, «КазДорПроект» ЖШС.
Сәулет
«Сәулет» білім беру бағдарламасы аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі сәулет және қала құрылысы істері бойынша құрылыс, ғылым, білім беру саласында мамандар даярлауға арналған.
Аталған мамандық түлектері отандық және шетелдік еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және әрі қарай кәсіби мансаптық өсуге мүмкіндік зор.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің нысандары – сәулеттік жобалау, ұйымдастыру және басқару.
Кәсіби қызметінің бағыты – сәулет-құрылыс және қала құрылысын жобалау, елді мекендерді, азаматтық ғимараттарды жобалау тәжірибесін зерттеу және сәулет саласындағы жетістіктерді насихаттау.
Мамандыққа түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет, оның ішінде екі пән (Қазақстан тарихы және қазақ (орыс) тілі) бойынша балл есептеледі. Сондай-ақ сурет және сызудан екі шығармашылық емтихан ШҚТУ-да өтеді. Шығармашылық емтихандарға дайындалу үшін сегіз, алты, үш және бір айлық дайындық курстары бар.
Сумен қамту және канализация
Тестілеу пәні – математика. Бейінді пән – физика.
«Сумен қамту және канализация» білім беру бағдарламасы елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындардың су шаруашылығы саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған.
Түлектер келесі қызметттерді атқара алады: сумен қамту және канализация, тазарту ғимараттарының шебері, учаске бастығы, техник – технолог, цех бастығы, инженер, инженер-жобалаушы, канализация және су құбыры бекеттерінің бастығы, сумен қамту және суларды бұру, тазарту ғимараттарының бастығы, ауысым бастығы, жұмыс өндіруші (прораб), басшының көмекшісі.
Халықаралық серіктестері – Қазақстан-Неміс университеті, Тынық мұхит мемлекеттік университеті, Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті және Новосібір мемлекеттік су транспорт академиясы.
Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «Өскемен – Водоканал», «Силумин – Восток», «Согра ЖЭО», «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысандарында экскурсиялар жүргізіледі. Білім алушылар үшін геодезиялық, өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден өтеді.
Студенттерді оқыту Су шаруашылығы және су пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы базасында жүргізіледі. Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Инженерлік жүйелер және желілер
Тестілеу пәні – математика. Бейіндеу пәні – физика. Білім беру бағдарламасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға арналған.
Түлектердің кәсіби қызметінің нысандары – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарына қызмет көрсететін ұйымдар, инженерлік желілері мен жабдықтары бар өндірістік кәсіпорындардағы бөлімдер мен цехтар, жобалау-конструкторлық ұйымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Білім беру бағдарламасының студенттеріне «Силумин – Восток» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС, «Өскемен ЖЭО» ЖШС нысандарына көшпелі экскурсиялар жүргізіледі. Білім алушыларға геодезиялық, өндірістік және диплом алдындағы іс-тәжірибе қарастырылған.
Қазір білім беру бағдарламасының арнайы пәндері бойынша сабақтарды бір техника ғылымдарының докторы, төрт техника ғылымдарының кандидаты, екі магистр жүргізеді.
Оқу барысында білім алушылар инженерлік жүйелердегі су үнемдеу және «жасыл технологиялар» бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылады. Зерттеу нәтижелері республикалық және халықаралық маңызы бар басылымдарда тұрақты жарияланады. Бітіргеннен кейін түлектерге «Инженерлік жүйелер және желілер» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавриаттан соң магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Су ресурстары және суды пайдалану
Тестілеу пәні – математика. Бейінді пән – физика. Білім беру бағдарламасы су шаруашылығы және суды пайдалану саласында жоғары білікті инновациялық-бағытталған мамандарды даярлауға арналған.
Білім бағдарламасының түлектері су ресурстарын қорғау және пайдалану бағытындағы мекемелерде басшы және маман, инженер-жобалаушы, инженер-эколог және су шаруашылығы жүйелері мен ғимараттарын пайдалану жөніндегі инженер, инженер-гидролог, инженер-гидротехник, инженер-зертханашы, техник-гидрометр қызметін атқара алады.
Кәсіби қызметінің нысандары- су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелер, кешендер, өндірістік кәсіпорындар, әртүрлі мақсаттағы гидротехникалық ғимараттар, мелиорацияланатын жерлер, ғылыми-зерттеу, жобалау және конструкторлық мекемелер.
Студенттерді оқыту Су шаруашылығы және суды пайдалану саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансферті орталығы базасында жүргізіледі. Халықаралық серіктестері – Қазақстан -Неміс университеті, Тынық мұхит мемлекеттік университеті, Томск Ұлттық зерттеу политехникалық университеті және Новосібір мемлекеттік су транспорт академиясы.
Бітіргеннен кейін бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Бакалавриатты бітіргеннен кейін магистратурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар.
Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Бұл білім беру бағдарламасы арқылы оқыған студенттерде жоғары сапалы ғимараттар мен құрылыстарды салуға мүмкіндік беретін құралдар мен тәсілдерді қолдануға негізделген, қазіргі заманғы құрылыс индустриясы саласындағы білім мен дағдылар қалыптасады. Студенттер оқу кезеңінде практикалық және зерттеу жұмыстары дағдыларын мамандандырылған зертханаларда қалыптастырады.
Кәсіби қызмет саласы – құрылыс материалдары мен құрылымдарын өндіру, технологиялық желілерді жобалау, осы салада орта кәсіптік білім беру, сертификаттау, құрылыс материалдары мен құрылымдарының сапасын бақылау.
Оқуды аяқтағаннан кейін бакалавр академиялық дәрежесі беріледі, білімін магистратурада жалғастыруға болады.
Құрылыс
Қазір бұл мамандық өзекті және әлеуетті жұмыс берушілер арасында сұранысқа ие.
«Құрылыс» білім беру бағдарламасының түлектері келесі қызметтерді атқара алады: инженер, инженер-конструктор, сапа жөніндегі инженер, құрылысты қадағалау жөніндегі инженер, жөндеу жөніндегі инженер, инженер-технолог, өндірістік зертхана бастығы, күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, өндірістік бөлім бастығы, техникалық бөлім бастығы, жөндеу цехының бастығы, ауысым бастығы, жұмыс жүргізуші (прораб), басшының көмекшісі.
Бұл мамандық бойынша білім алып жүрген студенттер де ғылыми жұмыстар байқауларына, республикалық олимпиадаларға және жас ғалымдар мен студенттердің республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дің тапсырысы бойынша әзірлеген – Айжанат Бақытқызы