ҚоғамТОП

Президент бірқатар азаматтарға әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен берді

Президент бірқатар азаматтарға әскери және арнаулы атақ, сыныптық шен берді, деп хабарлайды Didar ақпарат  Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Отан қорғаушы күнімен және алда келе жатқан Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, осы екі мейрам жауынгерлік дәстүрдің сабақтастығын паш ететінін, батыр бабаларымыздың даңқты жолын қазір өскелең ұрпақ жалғастырып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде айбынды армиямыз – елдегі тұтастық пен тыныштықтың мықты қалқаны. Қуатты әскеріміз бейбітшілік пен берекелі өмірді қас қақпай күзетіп тұр. Олар қай кезде де қастерлі Отанымызды қорғауға дайын. Ерлік майданда ғана жасалмайды. Ерлікке бейбіт заманда да орын бар. Биыл біз соңғы 80 жылдағы ең жойқын тасқынға тап болдық. Елге қатер төнген сәтте сарбаздарымыз алдыңғы шептен табылды. Ұлттық ұлан, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы антқа адал болудың үлгісін көрсетті. Алапат тасқынға төтеп беру үшін 9 мыңнан астам әскери қызметші жұмыла еңбек етті. Мыңнан астам техника жеткізілді. Сын сағатта халқымыздың асыл құндылықтары анық байқалады. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысында апатқа қарсы күрескен 300 сарбаздың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Олар күні-түні бөген салып, қаланы қарғын судан құтқаруға атсалысты. Жергілікті тұрғындар бұл сарбаздарға айрықша риза болды, оларды зор құрметпен шығарып салды. Міне, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Мұндай мысалдар аз емес», – деді Президент.

1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Асылов Берік Ноғайұлы;

генерал-лейтенант әскери атағы: Әбубәкіров Қаныш Асанханұлы;

авиация генерал-лейтенанты әскери атағы: Қосанов Дәурен Жұматайұлы;

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлы;

генерал-майор әскери атағы:

  • Дәуітов Қайрат Сапарбекұлы,
  • Есжанов Аян Әбдіғаниұлы,
  • Жүнісов Төлеужан Сабырұлы,
  • Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлы,
  • Қазкеев Бекайдар Маратұлы,
  • Поливанов Павел Константинович,
  • Ыбыраев Ержан Уақасұлы;

авиация генерал-майоры әскери атағы: Нілдібаев Ержан Болатұлы;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Бекжанов Нұржан Наурызұлы,
  • Жұмабаев Марат Қабиденұлы,
  • Наймантаев Алмас Тілепбергенұлы;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Ахметжанов Саян Қылышұлы,
  • Жебегенов Мақсат Мырзаханұлы,
  • Сарқұлов Ұлан Серікұлы;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлы,
  • Әлиев Данияр Дұппайұлы,
  • Исмагулов Нұржан Нығметұлы;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы:

  • Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлы,
  • Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлы,
  • Рысбаев Айдос Какашаұлы;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

  • Әбілов Берік Рақатұлы,
  • Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлы,
  • Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы.

Осы айдарда

Back to top button