ҚоғамТОП

Ғалым Қылышқанов: «Замануи АЭС – экологиялық таза және қауіпсіз»

Өткен ғасырдағы атом реакторларындағы жарылыстардан қалған үрей халық арасында радиофобия тудырды. Олардың қатарында АҚШ-та 50-ші жылдары болған апат және өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Чернобыль трагедиясы бар, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Ядролық физик ғалым, ғылым докторы ғалым Манарбек Қылышқанов заманауи технологиялар атом реакторларын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететініне сенімді.

– Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда қазірдің өзінде электр энергиясы тапшы. Қарбалас уақытта біз оны Ресейден сатып аламыз. Халық саны өскен сайын, сұраныс та артып отыр. Бұның барлығы жаңа қуатты қажет етеді, – дейді маман.

Бүкіл әлем көмірмен жылыту жүйесінен бас тартуда. Халықаралық институттар көміртегі бейтараптығының әлемдік күн тәртібіне байланысты көмір электр станцияларының құрылысын қаржыландыруды тоқтатты. Балама нұсқа газ болуы мүмкін, бірақ газ қоры да елімізде шектеулі. Болашақта жасыл энергетика мүмкіндіктерін пайдаланылады. Бірақ күн мен жел энергиясына ғана сенім арту дұрыс емес. Елімізге тұрақты қуат көзі қажет.

Мамандар уран қоры мен оны елде бейбіт мақсатта пайдалану үшін негізгі құзыреттер жеткілікті екендігін айтады.

– Дәл осы бағытқа ерекше көңіл бөлу қажет. Біз уран қоры бойынша әлемде екінші орында, ал оны өндіру бойынша бірінші орындамыз. Осы сала мамандарын даярлау жұмыстары да қарқынды. Курчатов қаласында екі эксперименттік реактор құрылған. Тағы бір су-су зерттеу реакторы Алатау кентінде, Алматы маңында ядролық физика институтында табысты жұмыс істеуде. Қазақстандықтар Семей полигонының зардаптары жеткілікті екенін айтады. Ал біз атомды бейбіт мақсатта пайдалану жайын айтамыз, – дейді «ҮМЗ» АҚ ғылыми орталығының жетекшісі, физика-математика ғылымдарының докторы манарбек Қылышқанов.

Профессор автокөлік пен ұшақты мысалға келтіре отырып, атом мен көмір станцияларының айырмашылығын түсіндірді.

– Адамдар көбінесе көлік апатынан зардап шеге ме, әлде ұшақ апатынан? Әуе апаты сирек орын алады, өйткені ұшақтарда бақылау күшті. АЭС те дәл солай. Атоммен жұмыс жасайтын кәсіпорындар көпсатылы тексерістен өтеді, тіпті халықаралық ұйымдар да бақылауда ұстайды. Оның үстіне, АЭС қоршаған ортаға қалдық шығармайды, бұл  экологтар көзқарасы бойынша қауіпсіз кәсіпорын. Қорытындылай келе, энергия тапшылығы арта береді. Сол үшін де барлық бағыттарды дамыта беру керек, оның ішінде атом энергетикасын да, – дейді ғалым.

Осы орайда айта кетейік, Энергетика министрлігі ақпараты бойынша елдегі станциялардың 70%-ы тозған. Бұл ретте электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуі 3%-ға тең. Мамандардың айтуынша, АЭС – экономикалық өсу, ғылым мен білім беруді дамыту драйвері. Негізгі артықшылықтардың ішінде қоршаған ортаға зиянды әсердің болмауы, парниктік газдар шығарындыларының жылына 10 млн тоннаға дейін төмендеуі.

Осы айдарда

Back to top button