Өңірлік даму

ШҚО-да сумен және жылумен қамту жүйелері жаңғыртылып жатыр

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев өңірдегі 356 ауылдың 334-і таза суға қол жеткізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

– Ауызсумен қамтамасыз етілмеген 22 ауыл қалады. Оның 9-ы биыл суға қол жеткізсе, қалған 13 ауылдың мәселесі екі жыл ішінде шешіледі. Осылайша, 2025 жылға қарай облыстың барлық ауылдары сумен қамтамасыз етіледі, – деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар өңірдің жылумен жабдықтау жүйесі 3 ірі ЖЭО және 32 шағын қазандықтан тұрады. Өткен жылыту маусымы Риддер ЖЭО-дағы апаттан басталды, апат салдарынан қаланың 50 мың халқы жылусыз қалды.

– Үкіметтің қолдауымен өте қысқа мерзімде біз 6 қазандық агрегатына жөндеу жүргізіп, жылу беру маусымын уақтылы бастадық, – деп атап өтті ШҚО әкімі.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 16 мердігер ұйым жұмылдырылды, 500-ден астам адам тартылды, олар 2 ауысымда тұрақты жұмыс істеді.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қазанда Риддер ЖЭО қалалық коммуналдық меншікке қабылданды.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button