Тарих

Қозыбасыда іргетасы қаланған қағанат

Қозыбасыда іргетасы қаланған қағанат

Ол жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы болады. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлайды. Тарихта әскербасы болып сайланған ол қарауындағы сарбаздарына соғысудың небір айла-тәсілдерін үйретумен, олардың рухын, жігерін көтерумен тынымсыз еңбек еткендігі, соның нәтижесінде Ұлытаудағы, Балқаштың оңтүстік-шығысындағы елді мекендерді жау құрсауынан құтқарып, жоңғарларды аяусыз қырғандығы туралы айтылады.
2013 жылы Көкшетау қаласындағы «Мир печати» баспасынан жарық көрген «Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» атты кітаптың 37 бетінде: «1729 жылы аса танымал емес Болат хан қайтыс болды. Қазақ таңдаулылары марқұм Болаттың баласы Әбілмәмбетті жаңа хан етіп сайлайды. Аттап кетілген Әбілхайыр өзін қорланғандай, жәбірленгендей сезінеді және атаққұмарлығы басым адам болғандықтан, жауап қадамын жасайды. Ол жаңа ханның пайдасына бас қолбасшылық лауазымынан бас тартады да, өзінің жасағымен Кіші жүзге қайтып оралды» делінген. Осыдан соң Үш жүздің біріктірілген әскерлерінің берекесі кетіп, ыдырай бастаған. Біртұтас қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүздің адамдары жаудан өздерінше қорғануға көшеді. Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің қазақтары да жоңғар шапқыншылығынан әбден қалжыраған соң Ресей патшалығына қарауға мәжбүр болады. Бұл – 1731 жылдың көктемі еді.

Алаштың алапатын асырған – Абылай хан

Тарих сахнасына Абылай хан келгенде, Қазақ хандығы басқа арнаға түскені байқалады. Ол Тәуке ханның жолымен Үш жүздің қазақтарын бір тудың астына біріктіріп, мемлекетті нығайтуды көздеді. Солай етті де. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Үш жүздің адамдарын бір мақсат, бір мүддеде тіршілік кешуге мүмкіндік туғызды. Ол білімді саясаткер, дарынды қолбасшы ретінде таныла білді. Ресеймен, Қытаймен, тіпті ата жауы жоңғарлармен де бейбіт келісім жасауға қол жеткізген алғашқы хандардың бірі атанды. Бейбіт келісімшарттарын бұзып, соғыс ашқан жоңғарларды бас көтермейтіндей қырып салғаны туралы деректер жетерлік. Ақырында Абылайдың тұсында жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы 300 жылға созылған соғыс қазақтардың түпкілікті жеңісімен аяқталды. Одан кейінгі Қытаймен болған соғысты Абылай хан қалай да тоқтатып, келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге күш салуының нәтижесінде арада бейбіт өмір қалыптасты. Қырғыздармен болған соғыста да қазақтың ежелгі жерін өзіне қайтарып, мемлекеттің шекарасын кеңейтті. 1771 жылы Еділ қалмақтарын талқандап, тірі қалғандарын қазақ жерінен ары асырып қуып шықты. Қысқа қайырар болсақ, Абылай хан билік еткен кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейіп, атағы алысқа кетті.
Абылай хан дүниеден өткеннен кейін яғни, 40 жылдан соң немесе 1822-1824 жылдары орыс императоры I Александрдың арнайы жарлығымен Орта және Кіші жүздердегі хан билігі жойылғаны тарихтан белгілі. Оның орнына губерниялық, округтік, болыстық, сұлтандық басқару жүйелері енгізілді. Әр округке 15-20 болыс кірді, болыстар 10-12 әкімшілік ауылдардан тұрды. Әрбір ауылда 50-70 киіз үйден есептелді. Округтерді аға сұлтандар, болыстарды басқаруға болыс сұлтандары, әкімшілік ауылдарға ауыл старшындары тағайындалды. Бұл орыс патшасының қазақтарды «бөліп ал да, билей бер» деген пиғылының алғы шарттары еді.

«ҚАЗАҒЫМ!» ДЕП ТУ АЛЫП, ТҰЛПАР МІНГЕН ХАН КЕНЕ

Орыс империясы қазақ даласына осылайша өз үстемдігін жүргізе бастаған шақта тарих сахнасына Кенесары Қасымұлы шықты. Ол Қазақ мемлекеттігін айтарлықтай дамытқан Абылай ханның немересі. Оның тұсында қазақтың көп ауылдарына әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің, ішінара Ұлы жүздің ауылдарына Ресей патшалығы өзінің үстемдігін жүргізіп, бодандықтың қамытын кигізген кезең еді. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, қоныс тепкен орыс ұлтының кейбір басбұзарлары төңірегіндегі қазақтардың мазасын алып біткен. Олардың осындай озбырлық қылықтарын жастайынан көріп өскен Кенесары 1841 жылы Үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында хан тағына сайланғаннан кейін, біртұтас қазақ мемлекетін құру үшін атқа мінді. Төңірегіне өзін қолдайтын Орта жүз, Кіші жүздің беделді адамдарын топтастырып, 20 мыңға дейін әскер құрды. Оның негізгі мақсаты – атасы Абылайдың хандығын қалпына келтіріп, орыс бодандығынан құтылу еді. Ол Ақмола, Торғайды алды. Қоқандықтардың қол астына бағынып келген Жаңақорған, Ақмешіт, Созақ қамалдарын қоршауға алып, соғыс жүргізді.
Кенесарының қазақ руларының едәуір бөлігінің басын біріктіріп, орыстармен және жоңғарлармен күрес жүргізіп, күш алып келе жатқанынан Ресей патшалығы қатты секем ала бастады. Патша үкіметі де қарап жатпай, көп жерлерге тосқауыл ретінде қарулы әскерлерін жасақтап, Кенесары қолына бірнеше мәрте соққы берді. Кене хан өз әскерімен қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына шегінуге мәжбүр болды. Ондағы мақсаты, қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда қырғыздар тарапынан қолдау таппай, күшті тойтарысқа тап болды. Нәтижесінде Кенесары қырғыздармен соғыс барысында қаза тапты.
Тарихта Қазақ хандығы тұсында 40-тан астам адам хандық билік жүргізгені айтылады. Біз олардың барлығын емес, Қазақ хандығын дамыту бағытында өзіндік із қалдырған, хандық билік жүргізген тарихи тұлғаларды ғана сөз еттік.
Иә, Қазақ мемлекеттігін сақтау, ел тәуелсіздігі жолындағы қайсарлықтың, өжеттіктің, батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен тарихи тұлғаларымыздың, хан-сұлтандарымыз бен батыр-би бабаларымыздың рухына тағзым етеміз. Олардың қиын-қыстау кезеңдерді, мазасыз уақыттарды бастарынан өткізе жүріп, Қазақ хандығының басқару жүйесін жетілдіру арқылы сол тұста өмір сүрген ұрпақтың ұлттық-патриоттық сезімін жоғары деңгейде ұстата білуінің нәтижесінде бүгінгі Қазақ мемлекеті қалыптасты десек артық айтқандық болмас.

Бектұрған Жамбабаев,
ардагер журналист-зерттеуші

(Соңы. Жалғасы газетіміздің №9 санында жарияланды)

Осы айдарда

Тарих

Қозыбасыда іргетасы қаланған қағанат

Қозыбасыда іргетасы қаланған қағанат

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтетіндігін жариялап: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды. Қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз» – деп айтқан сөзін көпшілік жақсы біледі.

Елбасының бұл сөзін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, осы іспен тікелей айналысатын министрліктер, тиісті мекеме қызметкерлері бірден іліп әкетіп, қуаттады. Бұл бастама халықтың рухын бір көтеріп тастағаны анық.
Тарихшы-ғалымдар өз елімізді былай қойғанда Қытай, Ресей, Еуропа, Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Египет және тағы басқа шет мемлекеттердің мұрағаттары мен мұражайларындағы сарғайып, көнерген тарихымызды көтеріп, зерделеп, қазақ халқына қатысты көптеген мәліметтер жинауда. Қолдағы бар деректерге, тарихшы-ғалымдардың жазған мәліметтеріне сүйенер болсақ, Қазақ хандығына дейін талай аласапыран ғасырлар мен дәуірлердің өткендігін байқаймыз.
Тарихта атақты екі Әбілқайыр хан болған. Соның біріншісі ХV ғасырдың орта тұсында өмір сүрген Әбілқайыр хан Жайық өзенінен Қаратауға дейін созылып жатқан аймақ халқына өз билігін жүргізеді. Тап осы жерде ол тарихқа «Көшпенді өзбектер мемлекеті» деген атпен өз хандығының негізін сала бастады. «Көшпенді өзбек мемлекеті» аталу себебі Өзбек ханның ұрпағымыз дегенді көрсетсе керек. Алайда, Әбілқайырдың жүргізген ішкі саясаты, туралап айтқанда, қарақшылық саясаты жергілікті халықтың наразылығын туғыза бастайды. Оның үстіне ханның төңірегінде қызмет ететіндерді сырт аймақтардан – Ноғай Ордасы мен Сібірден алдыра бастаған. Сөйтіп, Ақ Ордаға батыс пен солтүстіктен келімсек адамдар көптеп қоныс аударады. Олар жергілікті халықпен араласып өмір кешкенімен, көп жағдайларда олардың наразылығын тудырып, салдарынан «Көшпелі өзбектер мемлекеті» біртіндеп әлсірей бастайды. Ашу-ызаға бой алдырған өзбек мемлекеті жұртының бір бөлігі Орыс ханның немерелері Керей мен Жәнібектің төңірегіне топтасады.
1465 жылы Керей мен Жәнібек өздерінің сөзі мен ісін қолдайтын өзбек мемлекеті жұртының бір бөлігін соңынан ертіп, қазіргі Жамбыл облысы, Шу атырабының Қозыбасы деген жеріне Моғолстан ханы Есенбұғаның келісімімен туын тігіп, алғашқы Қазақ хандығын құрады.
Қазақ хандығы уақыт өткен сайын нығайып, жерін кеңейтіп, қазаққа тиесілі аймақтарының басым бөлігін өзіне қаратады. Шекаралас аймақтар үшін табандасқан күрес нәтижесінде Қазақ мемлекетінің аумағы қалыптасты. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан қоныс аударып келген қазақ ру-тайпаларымен қатар Жетісу алқаптарындағы Алатау бөктерін ежелден мекен еткен тайпаларды біріктіреді. Биліктің Керей мен Жәнібектің қолына өтуі «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгертпегенімен бұл оқиға «Көшпелі өзбектер» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Сөйтіп, Жетісу өңіріне қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында қазақтар деп атала бастады. Бұл атау ХV ғасырдың ортасынан ауған шақта Жетісу өңірін мекен еткен түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Бұл бағытта сөз жоқ Керей хан мен Жәнібек ханның еңбегі зор деп бағаланады.

ҚАСЫМ ХАН САЛҒАН ҚАСҚА ЖОЛ

Қасым хан билік басына келген (1511-1518 ж.) уақыт та күрделі кезең еді. Ол шамамен 1445 жылы туған, 1518 жылы қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салған Жәнібектің баласы делінеді тарихта.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы өңірдегі саяси ықпалын күшейтіп, ауқымы кеңейген қуатты хандыққа айналады. Қазақ хандығының аумағы оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің тау бөктеріне дейін, батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қаласына дейін, солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш көлінің жағалауына дейін, солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін алып жатты. Қасым ханның Қазақ хандығын дамыту бағытындағы еңбегін «Тарихи тұлғалар» атты кітаптың 48 бетінде: «Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты – Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту-тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ. Іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мұхаммед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан» – деген деректер бар. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати: «Қазақ хандары мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» деп жазған.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы алғаш рет көрші ел Мәскеу мемлекетімен (оның князі Василий III билік құрған жылдары 1505-1533) дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым хан өзінің билігі тұсында Сайрам қамалын жаулап алады. Мауреннахр қамалын басып алуға әрекет жасағанмен оған қол жеткізе алмайды. Ол Ташкентке жасаған жорығы барысында жараланып, кейін шегінуге мәжбүр болады. Дегенмен, Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының күш-қуатының арта түскендігі байқалады. Бұрыннан ел аузында келе жатқан: «Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Қасым хан қайтыс болған соң оның артындағы ұрпақтары тақ тартысына түсіп, біршама уақыт Қазақ хандығы әлсірейді. Алайда, Қасым ханның баласы Хақназар (кейбір деректерде Ақназар) билікке келген тұста хандық қайта өрлейді. Қырық екі жыл бойы тақтан түспеген Хақназар хан қырғыз бен қазақтың патшасы атанады. Тарихи деректерге сүйене айтатын болсақ, дәл осы Хақназар ханның тұсында Ноғай ордасы ыдырап, ондағы тайпалар – қаңлылар, қыпшақтар және Кіші жүз – Алшын одағындағы тайпалар түгелімен Қазақ хандығына қосылғаны мәлім. Қазақ хандығының күш алып бара жатқанын көре алмаған Ташкент билеушісі Баба сұлтан есебін тауып, Хақназар ханды екі баласымен бірге өлтіреді. Алайда, Түркістан қаласы үшін болған шайқаста Баба сұлтан қазақ қолынан қаза табады.
Тарихи деректерде Есім хан билік құрған отыз жылдың ішінде Қазақ хандығын, оның мемлекеттігін күшейту жолында көп еңбек сіңіргендігі айтылады. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бұхара хандығымен үздіксіз шайқасқандығы туралы мәліметтер көп. Бұхара ханы күші басым Қазақ хандығын, оның тағында отырған Есім ханды мойындап, Ташкентті, Түркістанды және сол маңайдағы үлкенді-кішілі қорғаны бар ауылдарға соқтықпаған.
Есім ханның ұлы Жәңгір хан билік басына келген уақыт (халық оны Салқам Жәңгір деп атаған) жоңғар-ойраттардың күшейген тұсы болатын. Жоңғарлардың басымдығын байқаған Жәңгір хан Бұхар хандығымен және қырғыздармен одақтаса отырып, бірнеше мәрте жоңғарларға қарсы соғыс ашқан. Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойраттар арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас – 1635 жылы – екіншісі 1643-1644 жылдары, үшіншісі 1652 жылы делінеді. Осы үш шайқастың алғашқысында Жәңгір хан тұтқынға түседі де, кейін ебін тауып, қашып шығады. Екінші шайқаста Самарқан билеушісі Жалаңтөс Бахадүрдің 20 мың әскері көмекке келіп, жоңғарлардың он мың адамын тұтқындап, қалған әскерлерін өз аймағынан қуып шыққан. Ал үшінші соғыста яғни, 1652 жылғы шайқаста «Қазақ қолы жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан қаза табады» деген мәліметтер кездеседі.

«ЖЕТІ ЖАРҒЫҒА» СҮЙЕНІП, ӘМІРЛІК ЕТКЕН ӘЗ ТӘУКЕ

Әке тағына отырған Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан 1680-1718 жылдары билік құрды. Тәуке хан өзінің «Жеті жарғысымен» тарихта ізі қалды. Ол «Жеті жарғы» арқылы қазақ халқының бірлігі мен ынтымағын арттыруға ерекше мән береді. Тәуке хан Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етті. Оның тұсында Хан кеңесі, Билер кеңесі құрылып, жұмыс істеді. Бұл мемлекеттік органдардың құрылымы деп саналады. Жыл сайын Ташкент маңындағы Күлтөбеде Үш жүздің басшыларының жиынын өткізіп тұру дәстүрге айналады. Үш жүздің әйгілі билері Төле, Қазыбек, Әйтекенің қатысуымен түрлі дау-дамайлар қарастырылады. Билердің хандықты басқаруға, заң шығаруға, сот ісіне араласуға мүмкіндігі туа бастайды. Тәуке хан тұсында іргедегі Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынас жолға қойылып, сауда байланыстары дами түседі.
Кіші жүз ханы Әбілхайыр (1693-1748) тұсында қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды. Ол алғаш Кіші жүз әскерінің қолбасшысы, кейін 1710 жылы Қарақорымдағы халықтық құрылтайда Кіші жүздің және Орта жүздің бір бөлігінің ханы болып жарияланады. Ол жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы болады. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлайды. Тарихта әскербасы болып сайланған ол қарауындағы сарбаздарына соғысудың небір айла-тәсілдерін үйретумен, олардың рухын, жігерін көтерумен тынымсыз еңбек еткендігі, соның нәтижесінде Ұлытаудағы, Балқаштың оңтүстік-шығысындағы елді мекендерді жау құрсауынан құтқарып, жоңғарларды аяусыз қырғандығы туралы айтылады.

Қозыбасыда іргетасы қаланған қағанат

2013 жылы Көкшетау қаласындағы «Мир печати» баспасынан жарық көрген «Қазақ хандары және олардың ұрпақтары» атты кітаптың 37 бетінде: «1729 жылы аса танымал емес Болат хан қайтыс болды. Қазақ таңдаулылары марқұм Болаттың баласы Әбілмәмбетті жаңа хан етіп сайлайды. Аттап кетілген Әбілхайыр өзін қорланғандай, жәбірленгендей сезінеді және атаққұмарлығы басым адам болғандықтан, жауап қадамын жасайды. Ол жаңа ханның пайдасына бас қолбасшылық лауазымынан бас тартады да, өзінің жасағымен Кіші жүзге қайтып оралды» делінген. Осыдан соң Үш жүздің біріктірілген әскерлерінің берекесі кетіп, ыдырай бастаған. Біртұтас қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүздің адамдары жаудан өздерінше қорғануға көшеді. Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің қазақтары да жоңғар шапқыншылығынан әбден қалжыраған соң Ресей патшалығына қарауға мәжбүр болады. Бұл – 1731 жылдың көктемі еді.

Алаштың алапатын асырған – Абылай хан

Тарих сахнасына Абылай хан келгенде, Қазақ хандығы басқа арнаға түскені байқалады. Ол Тәуке ханның жолымен Үш жүздің қазақтарын бір тудың астына біріктіріп, мемлекетті нығайтуды көздеді. Солай етті де. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Үш жүздің адамдарын бір мақсат, бір мүддеде тіршілік кешуге мүмкіндік туғызды. Ол білімді саясаткер, дарынды қолбасшы ретінде таныла білді. Ресеймен, Қытаймен, тіпті ата жауы жоңғарлармен де бейбіт келісім жасауға қол жеткізген алғашқы хандардың бірі атанды. Бейбіт келісімшарттарын бұзып, соғыс ашқан жоңғарларды бас көтермейтіндей қырып салғаны туралы деректер жетерлік. Ақырында Абылайдың тұсында жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы 300 жылға созылған соғыс қазақтардың түпкілікті жеңісімен аяқталды. Одан кейінгі Қытаймен болған соғысты Абылай хан қалай да тоқтатып, келіспеушілікті бейбіт жолмен шешуге күш салуының нәтижесінде арада бейбіт өмір қалыптасты. Қырғыздармен болған соғыста да қазақтың ежелгі жерін өзіне қайтарып, мемлекеттің шекарасын кеңейтті. 1771 жылы Еділ қалмақтарын талқандап, тірі қалғандарын қазақ жерінен ары асырып қуып шықты. Қысқа қайырар болсақ, Абылай хан билік еткен кезеңде мемлекет шекарасы одан әрі кеңейіп, атағы алысқа кетті.
Абылай хан дүниеден өткеннен кейін яғни, 40 жылдан соң немесе 1822-1824 жылдары орыс императоры I Александрдың арнайы жарлығымен Орта және Кіші жүздердегі хан билігі жойылғаны тарихтан белгілі. Оның орнына губерниялық, округтік, болыстық, сұлтандық басқару жүйелері енгізілді. Әр округке 15-20 болыс кірді, болыстар 10-12 әкімшілік ауылдардан тұрды. Әрбір ауылда 50-70 киіз үйден есептелді. Округтерді аға сұлтандар, болыстарды басқаруға болыс сұлтандары, әкімшілік ауылдарға ауыл старшындары тағайындалды. Бұл орыс патшасының қазақтарды «бөліп ал да, билей бер» деген пиғылының алғы шарттары еді.

«ҚАЗАҒЫМ!» ДЕП ТУ АЛЫП, ТҰЛПАР МІНГЕН ХАН КЕНЕ

Орыс империясы қазақ даласына осылайша өз үстемдігін жүргізе бастаған шақта тарих сахнасына Кенесары Қасымұлы шықты. Ол Қазақ мемлекеттігін айтарлықтай дамытқан Абылай ханның немересі. Оның тұсында қазақтың көп ауылдарына әсіресе Кіші жүз бен Орта жүздің, ішінара Ұлы жүздің ауылдарына Ресей патшалығы өзінің үстемдігін жүргізіп, бодандықтың қамытын кигізген кезең еді. Қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, қоныс тепкен орыс ұлтының кейбір басбұзарлары төңірегіндегі қазақтардың мазасын алып біткен. Олардың осындай озбырлық қылықтарын жастайынан көріп өскен Кенесары 1841 жылы Үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында хан тағына сайланғаннан кейін, біртұтас қазақ мемлекетін құру үшін атқа мінді. Төңірегіне өзін қолдайтын Орта жүз, Кіші жүздің беделді адамдарын топтастырып, 20 мыңға дейін әскер құрды. Оның негізгі мақсаты – атасы Абылайдың хандығын қалпына келтіріп, орыс бодандығынан құтылу еді. Ол Ақмола, Торғайды алды. Қоқандықтардың қол астына бағынып келген Жаңақорған, Ақмешіт, Созақ қамалдарын қоршауға алып, соғыс жүргізді.
Кенесарының қазақ руларының едәуір бөлігінің басын біріктіріп, орыстармен және жоңғарлармен күрес жүргізіп, күш алып келе жатқанынан Ресей патшалығы қатты секем ала бастады. Патша үкіметі де қарап жатпай, көп жерлерге тосқауыл ретінде қарулы әскерлерін жасақтап, Кенесары қолына бірнеше мәрте соққы берді. Кене хан өз әскерімен қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына шегінуге мәжбүр болды. Ондағы мақсаты, қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда қырғыздар тарапынан қолдау таппай, күшті тойтарысқа тап болды. Нәтижесінде Кенесары қырғыздармен соғыс барысында қаза тапты.
Тарихта Қазақ хандығы тұсында 40-тан астам адам хандық билік жүргізгені айтылады. Біз олардың барлығын емес, Қазақ хандығын дамыту бағытында өзіндік із қалдырған, хандық билік жүргізген тарихи тұлғаларды ғана сөз еттік.
Иә, Қазақ мемлекеттігін сақтау, ел тәуелсіздігі жолындағы қайсарлықтың, өжеттіктің, батырлықтың нағыз үлгісін көрсеткен тарихи тұлғаларымыздың, хан-сұлтандарымыз бен батыр-би бабаларымыздың рухына тағзым етеміз. Олардың қиын-қыстау кезеңдерді, мазасыз уақыттарды бастарынан өткізе жүріп, Қазақ хандығының басқару жүйесін жетілдіру арқылы сол тұста өмір сүрген ұрпақтың ұлттық-патриоттық сезімін жоғары деңгейде ұстата білуінің нәтижесінде бүгінгі Қазақ мемлекеті қалыптасты десек артық айтқандық болмас.

Бектұрған Жамбабаев,
ардагер журналист-зерттеуші
(Жалғасы бар)

Осы айдарда

Back to top button