Ауыл шаруашылығы

Асыл тұқымды мал сатып алды

Асыл тұқымды мал сатып алдыКүршім ауданы, Ақбұлақ ауылындағы шаруа қожалықтары мал тұқымын асылдандыру ісімен түбегейлі айналысып келеді.

– «Тұрар» шаруа қожалығының жетекшісі Құмарғазы Ақтанов өз қаражаты есебінен екі млн. теңгеге асыл тұқымды ірі қара малын сатып алды. Болатбек Мусиннің иелігіндегі «Дәулет» шаруа қожалығы да 1,5 млн. теңге өз қаражатын жұмсап, асыл тұқымды қойларды әкеліп, өсірумен айналыса бастады. «Мақсат» шаруа қожалығының жетекшісі Данияр Білейменов «Сыбаға» бағдар-ламасы аясында асыл тұқымды бұқа сатып алды, – дейді ауыл округінің әкімі Мұхтар Сағанақов.

«Атантай» шаруа қожалығының же-текшісі Күлбәну Дәрібаева бір мыңға таяу қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын өсіріп жатыр. Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесі берілген осы қожалықтан қой сатып алуға шаруалардан тапсырыстар да түсіп жатады.

Қой өсірумен айналысып жатқан «Асқар», «Аман», «Шеттерек», «Тасқын», «Мұқашпай» шаруа қожалық-тары да мал тұқымын асылдандыру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Әлімжан Қадылбекұлы

Осы айдарда

Ауыл шаруашылығы

Асыл тұқымды мал сатып алды

Асыл тұқымды мал сатып алдыСемей қаласының ауыл шаруашылығы құрылымдары несие қаражат алып, ет бағытындағы ірі қара малын өсірумен айналысуда.

Былтыр «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында шағын несие арқылы 700-ден астам ірі қара малы, 1600-ге жуық қой, 200-дей жылқы сатып алынды. Бұған қоса «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының қаржысы есебінен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы жеті шаруа қожалығы 40,5 млн. теңгеге 215 бас ірі қара малын сатып алып өсіріп жатыр. Сондай-ақ, «Береке» шаруа қожалығы 37,7 млн. теңгеге өз қаржысына 107 бас ірі қара малын сатып әкелді.

Ал биыл «Агрофирма Приречное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шетелден бір мың бас асыл тұқымды мал алуды жоспарлап отыр. Бұл шаруашылық келешекте өнімділігі жоғары мал өсіріп, төлдерін шаруа қожалықтарына және жеке адамдарға сатып, ірі қара малын асылдандыру, етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қоспақшы.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button