«AMANAT»Ауыл шаруашылығыЖаңалықтар

Ауыл шаруашылығының дамуына назар аударылды

Облыс орталығында “Amanat” партиясы ШҚО филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Саяси кеңес және Бюро мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестердің және партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілетті орган жетекшілері, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестігі қатысты, деп хабарлайды деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыстық конференцияның күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және №13 бір мандатты сайлау округі бойынша сайланатын ШҚО мәслихатының депутаттығына кандидатты ұсыну мәселесі қаралды.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауылды дамытуға қатысты жүйелі бағыттарға тоқталды. Әсіресе, «Ауыл аманаты» партиялық жобасын одан әрі дамытуға ерекше мән берді. Биыл облысымызға аталмыш жоба аясында 1,5 млрд. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарынан өтінімдер жинақталуда Партияның барлық аумақтық филиалдарында жобаны түсіндіру бойынша «Ақпараттық қолдау» орталықтары ашылды. Сондай-ақ, 2,5% жеңілдік мөлшерлемесі бойынша жастарға шағын несие беруге 1 090 млн. теңге бөлінді, қазіргі уақытта «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ 968 млн.теңгеге 216 өтінім қабылданды. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау, кредиттерге кепілдік беру және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру аясында гранттар беру түріндегі мемлекеттік қолдау құралдары бойынша облысқа 8,3 млрд. теңге бөлінді,- деп атап өтті Сайрангүл Жұмаділова.

Сонымен қатар Президент өз Жолдауында экономиканың басым секторларына назар аудару керектігін айтқан болатын. Бұл ретте жоғары сапалы тауарларды шығарып отырған ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екенін де айта кету керек.

– Мен өңірдегі сүт өнімдерінің көтерме саудасы саласындағы шағын және орта бизнестің өкілімін. Ісімді бір сүт тасымалдайтын автомашинамен бастадым, күніне 200-300 литр сүт жинайтынмын. Қазірг, 8 жылдан кейін -13 сүт тасымалдайтын автомашина сатып алып, 8 сүт қабылдау пунктін аштым. Кәсіпорын тәулігіне 30 тоннаға жуық сүт дайындайды. Бүгінде менімен бірге «Молочный экспресс» ЖШС-де 40 адам жұмыс істейді. Агроөнеркәсіптік кешен біздің облысымыздың экономикасында шешуші рөл атқарады және біз осы саладағы көшбасшылық позицияларды сақтау үшін бар күшімізді саламыз, – деді «Молочный экспресс» ЖШС басшысы Талғат Мұқанов.

Ләззәт Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button