Ауыл шаруашылығыЖаңалықтар

Жұрт жайылымнан тарықпайды – Шемонаиха

Жайылымдарды ұтымды қолдану және олардың пайдаланылуын бақылау – ауыл шаруашылығын дамытудағы басым бағыт.

Шемонаиха ауданында тұрғындарға мал жаю үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендер жерлеріне және босалқы жерлерге енетін жайылымдар беріліп жатыр, деп хабарлайды Didar ақпарат. 

– Елді мекендер жерлерінің құрылымында ауыл шаруашылығы алқаптары – 28,7 мың гектар, яғни 76%, басқалары – 24%. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 94%-ы, яғни 27 мың гектары –жайылымдар, оларды халық мал жаю үшін қарқынды пайдаланады. Ауданда 56 табын ұйымдастырылған, мал мамырдан қарашаға дейін жайылады, – дейді облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис.

Халықта бар малды елді мекендер шекарасы шегінде жайылыммен қамту 100%-ды құрайды. Бұл көрсеткішке шаруашылықтардан пайдаланбайтын жерлер қайтарылғаннан кейін елді мекендер жерлері, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және босалқы жерлер арасындағы алаңдарды қайта бөлу есебінен қол жеткізілді. Халықтың малын жаю үшін жайылым тапшылығы жоқ.

– Биыл ауданда 900 гектардан астам жайылым мемлекет меншігіне алынды. Бұл жерлер бірінші кезекте халыққа бөлінетін болады. Бұдан басқа, 6 елді мекен аумағына іргелес жатқан жайылымдарды қосу жұмыстары жүруде, – дейді басқарма басшысы.

Қоғамдық табындар үшін жайылым тапшылығы – өзекті мәселе. Елімізде жайылымдардың көп болуына қарамастан, халық пен аграршылар арасында қақтығыстар жиі туындайды. Жер, оның ішінде жайылымдар әрқашан сұранысқа ие. Бәрімізді асырап отырған жерге ұқыптылықпен қарау керек.

 

Осы айдарда

Back to top button