Ауыл шаруашылығыТОП

ШҚО аграршылары бәсекелестік ортада жұмыс істеуді үйренуі керек

Бұл туралы Самар ауданына жасаған іссапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев мәлімдеді деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан – еліміздегі ауыл шаруашылығы озық өңірлердің бірі. Облыста өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары қарқынды дамып келеді. Агроөнімдерді өсіру мен өңдеудің озық технологиялары енгізілуде.

Самар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Ермек Көшербаев “Мәмбет” ШҚ-ның жұмысымен танысты. Оның басшысы Есімбек Мәмбетов дәнді дақылдарды өңдеу барысы туралы айтты. Шаруашылықта қажетті қуат пен өнім ассортименті бар, бірақ сонымен бірге нарықтағы позицияларды ұстап тұруда қиындықтар бар, сырттан жеткізушілермен бәсекелестік туындап отыр.

Өңір басшысы ШҚО-да тауарларды тұтыну мен өндірудің теңгерімін қалыптастыру міндетін қойып отырғанын атап өтті.

– Неге бізде сатылымда көрші елдің өнімдері, жарма түрлері бар, осының бәрін өзіміз шығара алмаймыз ба? Нарықты зерделеу керек, ал біздің жергілікті брендтер өз тауарларын құрылып жатқан Көтерме-тарату орталығының көмегімен көрсетіп, ілгерілетуге тиіс, – деді облыс әкімі.

Аймақта не өндірілетінін және көршілерден не сатып алу тиімдірек екенін нақты білу қажет. Сонымен қатар облыс басшысы аграршыларымыз көрші Алтай өлкесінің тәжірибесін зерделеп, жергілікті өндірісті табысты дамыту үшін өткір бәсекелестік ортада жұмыс істеуді үйренуі керек екенін де атап өтті.

Осы айдарда

Back to top button