Дін

Әкімшілік құқық бұзушылықтар азайды

Облыстық дін істері басқармасының құқық қорғау органдарымен бірлескен алдын алу жұмысының нәтижесінде өңірде осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар саны азайды.

Мәселен, егер 2019 жылы алты әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, 2020 жылы олардың саны екіге дейін төмендеді, ал 2021 жылдан бастап дін саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелген жоқ. Бұл туралы басқарма басшысының орынбасары Асқар Исабаевтың қатысуымен өткен ведомство жұмысының былтырғы қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы брифинг барысында белгілі болды.

Өткен жылы облыс аумағында 314 діни бірлестік пен олардың филиалы – ислам, православие, католицизм, протестантизм, «Иегова куәгерлері» қауымдастығы, кришна және иудей приходтары діни қызметін жүзеге асырды. Миссионерлер саны алты адамды құрады.

– Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды тұрақты негізде жүзеге асырады. Облыс әкімдігінің, сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанында діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер жұмыс істейді, олар мемлекеттік органдардың түрлі конфессиялармен өзара іс-қимылы үшін диалог алаңы болып табылады. Сонымен қатар облыстың діни бірлестіктер басшылары клубы жұмыс істейді, конфессияаралық келісімді нығайту үшін діни мерекелердің әлеуеті пайдаланылады, – деді Асқар Исабаев.

Ержан Әбішев

(Облыстық дін істері басқармасының тапсырысы бойынша әзірленді)

 

 

Осы айдарда

Back to top button