Ауыл шаруашылығы

Жеті жүз елу бас сиыр сатып алынады

Мемлекет ауылдың әлеуетін арттыруға көңіл аударып, аграрлық саланы дамытуға ден қойып жатыр. Соның арқасында ауылдағы ағайынға мал беріліп, төрт түлікті көбейтуге мүмкіндік молайды. Ауданымызда бұл жүйе «Сыбаға» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.

Жеті жүз елу бас сиыр сатып алынадыБағдарламаның басты шарты бойынша сатып алынатын бұқалар міндетті түрде қазақтың ақ бас бұқасы болуы керек. Ал аналық төлдің асыл тұқымды болуы міндетті емес. Шаруашылықтар пайыздық мөлшері барынша жеңіл несиені екі жылдан кейін қайтарады.

Үржар ауданына өткен жылы осы бағдарлама бойынша 30,7 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа жалпы саны 150 ірі қара сатып алынды.

Бұл бағдарлама, әсіресе, мал өсіремін деушілерге үлкен қолдау болды. Ерінбей еңбек еткеннің сыбағасы қашанда дайын. Бақытын ата кәсіптен тапқандардың саны күн санап көбеюде. Ауданымыздағы қожалықтарда мал басы артты деуге толық негіз бар.

Биыл ауданға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 750 бас сиыр, 30 бас бұқа сатып алынбақ.

Зухра Тұрапова

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button