Денсаулық сақтау

Тегін әрі сапалы дәрігерлік көмек көрсетіледі

Тегін әрі сапалы дәрігерлік көмек көрсетіледі


Сақтандыру медицинасы бірқатар елдерде денсаулық сақтау жүйесінің тиімді үлгілерінің бірі ретінде танылды. Ол азаматтарға медициналық көмектің көптеген түрін тегін әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді. Отандық медицинамызды мәртебелі дәрежеге көтеретін уақыт келді, сондықтан Қазақстан Республикасында да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне көшу қолға алынып жатыр.

Жаңа жүйе Қазақстанның сақтандырылған барлық азаматтарына, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрған жеріне қарамастан, медициналық көмекке және дәрі-дәрмекпен қамтылуыға бірдей қол жеткізуге кепілдік береді.

Медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінен не ұтамыз?

Алдымен қолжетімді емделу. Азаматтар медициналық сақтандыру қорымен шартқа отырған кез келген мемлекеттік немесе жеке клиникада медициналық көмек алуға құқылы. Тұтынушыларға барлық көмек түрі, яғни МӘМС пакеті ішіне кіретін дәрігердің қабылдауынан бастап, толық тексеру және бағасы қымбат операциялар жасау қызметтері көрсетіледі. Бұл қызмет түрлерінің ақысын Қор төлейді.

Сапалы медициналық көмек. Қор медициналық ұйымдарды қатаң түрде іріктейді. Әрбір клиника тұрғындарға жоғары білікті көмек көрсетуге мүдделі болады. Өйткені Қор ауруханалар мен емханаларға тек сапалы медициналық қызметтер үшін ғана ақы төлейді және көрсетілетін қызметтер сапасына қатаң бақылау жасайды.

Тегін әрі сапалы дәрігерлік көмек көрсетіледі

Тегін қолжетімді дәрі-дәрмек. Кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлеміне кіретін медикаменттердің өзіне қол жеткізу қиын болып тұрған қазіргі жағдайда бұл аса өзекті деп ойлаймын. Науқастар мемлекет тарапынан белгіленген аурулар түрлері бойынша тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Оның үстіне, дәрігер жазып берген препараттарды еліміздің кез келген дәріханасынан ала аласыз. Дәріханалар бұл дәрілердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қор дәріханалардың қызметі үшін ақы төлейді. Тағы бір жағымды жаңалық қазір бұл дәрі-дәрмектің тізімі кеңейтілген.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін Қор үнемі қорғайды. Егер аурухана қызметкерлері келген кісіден бас тартса, немесе сапасыз медициналық көмек көрсетсе, тұтынушы жайында Қорға жүгіне алады. Ал Қор Сізді қорғап, мүддеңізді қолдап, Сіздің арызыңыз бойынша тексеру ұйымдастырып, тиісті шара қолданады.

Денсаулығыңыз жайында толық ақпарат алу. Елімізде жаңа электрондық денсаулық сақтау жүйесі құрылып жатыр. Әр тұрғынның жеке электрондық кабинеті болады. Ол жерде қашан дәрігерге жүгінгеніңіз туралы, стационарда қашан және қалай емделгеніңіз, тексерулер мен тапсырған талдауларыңыздың нәтижелері, дәрігерлердің жасаған қорытындылары мен Сізге берген ұсынымдары жайында барлық ақпарат тіркеледі.

Медициналық көмектің қандай түрлеріне қол жеткізе аласыз?

Еліміздің барлық азаматтары, оның ішінде сақтандырылмаған азаматар да негізгі көмек пакетіне қол жеткізе алады:
– мемлекет тарапынан кепілдік берілген медициналық көмек көлемі;
– жедел жәрдем және санитарлық авиация;
– әлеуметтік маңызды аурулар кезінде және шұғыл көмек қажет болған сәтте көрсетілетін медициналық көмек;
– профилактикалық егу;
– амбулаторлық дәрілік қамтамасыз ету және амбулаторлық емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Тегін әрі сапалы дәрігерлік көмек көрсетіледі

Сақтандырылған азаматтар мынандай көмек (МӘМС жүйесі құрамына кіретін медициналық көмек) түрлеріне қол жеткізе алады:

– амбулаторлық емханалық көмек (емханада емделу, дәрігерлерге қабылдану, зертханалық қызметтер, диагностика);
– стационарлық көмек – жоспарлы түрде ауруханада емделу;
– стационарды алмастырушы көмек – күндізгі стационарда емделу;
– жоғары технологиялық медициналық қызметтер – күрделі және бірегей медициналық технологиялар қолданылатын медициналық көмек;
– амбулаторлық емханалық көмек көрсетілген кезде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Мына жағдайда МӘМС қатысушысы боласыз

Егер Сіз немесе Сіздің жұмыс берушіңіз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына тұрақты түрде қаражат аударып отырса, онда Сіз МӘМС қатысушысы бола аласыз.

Тегін әрі сапалы дәрігерлік көмек көрсетіледі

Егер Сіз әлеуметтік жағынан аз қамтылған төмендегі топқа жатсаңыз, онда Сіз үшін МӘМС Қорына төлемді мемлекет төлейді:

– 18 жасқа дейінгі балалар;
– мүгедектер;
– зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
– жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
– жұмыс істемейтін және 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуші әйелдер;
– бала туу, жаңа туған нәрестені асырап алу, 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасауға байланысты демалысқа шыққан азаматтар;
– 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасайтын, жұмыс істемейтін азаматтар;
– «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алған көпбалалы аналар немесе бұдан ерте «Батыр ана», «1 және 2 деңгейлі ана атағы» орденімен марапатталған аналар;

– орта, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орындарында күндіз оқып жүрген азаматтар;
– күндізгі оқуды бітіргеннен кейін 3 күнтізбелік ай барысында;
– жұмыс істемейтін оралмандар;
– жұмыссыз ретінде тіркелгендер;
– тергеу изоляторында отырғандар;
– сот үкімі бойынша жазаға тартылғандар.

Егер Сіз жұмыс істемейтін болсаңыз, онда жергілікті жұмыспен қамту органдарына жүгінуіңіз қажет, ол жерде Сізге жұмысқа тұру орындарын ұсынады. Егер Сізге лайықты жұмыс табылмаса, онда Сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда Сіз үшін мемлекет төлейді.

Александр Яковлев,
облыстық ана мен
бала орталығының дәрігері

Осы айдарда

Back to top button