Денсаулық сақтау

Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?

Тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болады?

Ақпан айы басталса да, өңірдегі тұтынушыларға тегін дәрі-дәрмектер әлі жеткен жоқ. Алайда жағдай таяу күндері өзгеруге тиіс. Бірегей тасымалдаушы «СК-Фармация» ЖШС биылғы 25 қаңтардан бастап тегін дәрі-дәрмектерді аймақтарға жөнелтуді бастады. Соған орай бюджет есебінен алынған препараттар көп ұзамай беріле босатыла бастайды деген үміт бар. Бұдан былай мұндай дәрі-дәрмектер дәріханаларда емес, емханалар мен отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның дәріханалық пункттерінде беріледі. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасында да растады.

Келеңсіздіктерді ұмытамыз

Егер кейінгі үш-төрт айда тегін дәрілерді ала алмай жүрген тұрғындардың арыздары мен наразылықтарын тізбектей берсек, газеттің бір бетін толтыруға болар еді. Адамдарды түсінуге болады. Мемлекет тарапынан кепілдендірілген тегін медициналық көмектің шеңберінде қарастырылған препараттарға қатысты мәселе жыл сайын қайталанғанымен, жауапты орындар бұл келеңсіздіктің алдын ала алмай келеді. Соның салдарынан көптеген науқастар тегін препараттарды дәріханаларды аралап жүріп іздеуге немесе өз есебінен сатып алуға мәжбүр. Алайда бұл мақала «Неге?», «Кім кінәлі?» деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында жазылған жоқ. Біз тегін дәрі-дәрмекті тарататын жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін және қажет препарат туралы мәліметті қалай оңай тауып алуға болатыны туралы айтпақпыз.

Не өзгерді?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ильяс Мұхамеджанның берген мәліметтеріне сүйенсек, енді ауруханалардан қажетті тегін препараттар туралы өтініштерді жинап, оларды сатып алу және жеткізумен Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылдың 27 тамызындағы №666 бұйрығы негізінде бірегей тасымалдаушы «СК-Фармация» ЖШС айналысады.

-Биылдан бастап тегін дәрілік препараттар тұтынушыларға бекітілген жеріндегі алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдардың жанындағы дәріханалық пункттерде берілетін болады. Соған орай қазір ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр, таяуда аяқталуға тиіс, – деді Ильяс Мұхамеджан.

Өскемендегі №2 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Лиза Қасымханованың айтуына қарағанда, медициналық мекеме тегін дәрілерді босатудың жаңа жүйесіне толықтай дайын. Ғимаратта кепілдендірілген көлем шеңберінде рецепт бойынша тегін препараттар берілетін дәріханалық пункт бар. Барлығы әзір, тек дәрілердің келуін ғана күтіп тұр.

Бірегей тасымалдаушы «СК-Фармация» ЖШС 25 қаңтардан бастап тегін дәрі-дәрмектерді аймақтарға жөнелтуді бастады. Енді дистрибьютордың сайтынан қандай препараттардың жеткізілгені туралы мәліметтерді көріп отыруға болады. «СК-Фармация» сайтының нақты қандай препараттардың жөнелтілгені туралы файлдар орналастырылған бетіне интернеттегі мына сілтемес арқылы кіруге болады: http://www.sk-pharmacy.kz/rus/press-centr/zakup_ls_i_imn_na_2018_god_rus/.

-Біз пациенттер үшін өз аймақтарынан қажетті дәрі-дәрмекке өтініш түскен-түспегенін, дәріханалық пункттерге жеткізілгенін білу маңызды екенін түсінеміз. Сол себепті барлық мәліметтерді ашық көрсету туралы шешім қабылданды, – деген «СК-Фармация» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмұханованың сөздерін республикалық ақпарат агенттіктері таратқан болатын.

Ақпарат күн сайын жаңартылып отыратыны маңызды.

Егер бұрын тегін медициналық препараттар мен балалардың тамағына қатысты арыз-өтініштерін шығысқазақстандықтар облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрі-дәрмек бөліміне жолдап келсе, енді шағымдарды қабылдаушының мекенжайы өзгерді. Барлық шағымдарды пациент өзі бекітілген отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға тікелей жолдауы керек.

Сондай-ақ «СК-Фармация» сайтында орналастырылған телефондарға хабарласып, препараттардың дәріханалық пункттерге қашан түсетінін анықтауға болады. Оқырмандарға қолайлы болу үшін, біз бұл ақпаратты да қоса жариялап отырмыз.

Отбасылық-дәрігерлік амбулатория мекенжайы Телефон

Семей, Шәкәрім даңғылы, 2б
8 (7222) 56-69-46, 56-85-07
Семей, Жамақаев к-сі, 100
8 (7222) 52-17-24
Семей, Т.Құтжанов к-сі, 3
8 (7222) 77-44-22
Семей, Засядко к-сі, 91
8 (7222) 50-54-76
Семей, Дулатов к-сі, 282
8 (7222) 54-17-46
Семей, Шәкәрім даңғылы, 149
8-(7222)-50-60-47
Семей, Байтұрсынов к-сі, 27
8 (7222) 34-14-38
Семей, Культурная к-сі, 22
8 (7222) 31-23-77
Семей, Стаханов к-сі, 17
8 (7222) 35-07-15
Өскемен, Серікбаев к-сі, 1
8 (7232) 76-64-36, 76-59-56 факс
Өскемен, Абай даңғылы, 18
8 (7232) 75-27-93
Өскемен, К. Сәтпаев даңғылы, 34/1
8 (7232) 21-08-80
Өскемен, Әуезов даңғылы, 18
8(7232)25-12-52
Өскемен, Буров к-сі, 61 үй
8 (7232) 26-28-22
Өскемен, Грузин к-сі, 3
8 (7232) 77-20-62
Өскемен, Меновное ауылы, М.Горький к-сі, 11/9
8 (7232) 57-45-02
Өскемен, Октябрь к-сі, 133
8 (7232) 50-23-75
Өскемен, Согра к-сі, 223/8
8 (7232) 23-35-09, 23-31-15
Өскемен, Белинский к-сі, 36
8 (7232) 78-45-30

Бұдан басқа, «СК-Фармация» ЖШС-де амбулаториялық дәрімен қамтамасыз ету жүйесін қолдаудың жедел желісі жұмыс істейді. Мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7172) 57-12-83, 8 (7172) 23-52-10, 8 (7172) 55-97-02, 8 (7172) 23-50-91.

ВРЕЗКА:

Дәрілерін алмағандар қайда шағымдануға болады?

Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары қазақстандықтардан келіп түскен көптеген шағымдардан кейін дәрімен қамтамасыз ету жүйесіне мониторинг жүргізуді қолға алды. Олар диспансерлік есепте тұрған, бірақ 2017 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында тегін дәрілерді алмаған науқастарға өздерінің аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы мен емхананың нөмірі, байланыс телефондары көрсетілген шағымдарын kf_mz@mail.ru. электронды мекенжайға жолдауды сұрайды.

Ирина Осипова.

Осы айдарда

Back to top button