Денсаулық сақтауЖаңалықтар

Бір күнде 43 адамнан қатерлі ісік анықталды – ШҚО

ШҚО-да 200-ден астам науқас диспансерлік есепте тұр.

Саркома қатерлі ісігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күні шығысқазақстандық онкологтар 450 адамды  қабылдап, тексерді. Үш адамда қатерлі ісік немесе оған күдік алғаш рет анықталды, қырық адамға қатерлі ісіктің алды диагнозы қойылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Облыстық көпсалалы  онкология және хирургия орталығының мәліметтері бойынша, шығыс өңірінде  осы аурумен 200-ден астам науқас диспансерлік есепте тұр.

– Өткен сенбіде сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін облыстық көпсалалы  онкология және хирургия орталығында және аудандардағы барлық медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында саркоманың алдын алуға және ерте анықтауға арналған кезекті ашық есік күні өтті. Шілде  айын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «саркома туралы хабардар болу айы» деп жариялағаны белгілі. Жаздың осы айында барлық жерлерде онкологтар халыққа обырдың осы түрі бойынша ақпарат беріп, оның  даму қаупі факторлары, ерте диагноз қою мүмкіндігі туралы хабардар етті, – деп толықтырды онкология орталығында.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button