Денсаулық сақтауЗаңсыздықТОП

Психотроптық дәрілерді рецепсіз босатқан – ШҚО

Облыста есірткі және психотроптық заттармен жұмыс істеу қағидаларын  бұзудың төрт  фактісі тіркелді.

Заң бұзушылықтар өңірде 24-28 шілде аралығында өткен  «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде әшкереленді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Іс-шара барысында осы заттарды өз қызметінде пайдаланатын 18 дәріхана, 11 емдеу мекемесі, 4 кәсіпорын мен ұйым тексерілген-ді.

Тексеру барысында есірткі заттары бар препараттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзуға жол берген медицина қызметкерлеріне қатысты бір  қылмыс анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сондай-ақ,  дәрілік препаратты рецептсіз босатқан екі фармацевт, есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды техникалық нығайту талаптарын бұзған екі құқық бұзушылық анықталды.

-Қазіргі уақытта материалдар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ШҚО бойынша департаментіне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жіберілді, – деді облыстық полиция департаментінде.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button