Nur Otan

ШҚО-да алдағы бес жылда 400-ден астам тұрғын үй салынады

Шығыс Қазақстан облысында алдағы бес жыл ішінде тұрғын үй құрылысы қарқын алады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» фракциясы депутаттарының отырысында айтты.

Облыс бойынша тұрғын үй алу кезегінде 33,4 мың адам тұр, оның ішінде 2285 көп балалы отбасы бар.

– Бес жыл ішінде ауданы 923 мың шаршы метр болатын 405 – тен астам тұрғын үй салынады, – деді «Nur Otan» Партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ жол картасында Денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және жабдықтау, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, балабақшалар, мектептер, жатақханалар салу сияқты өзекті мәселелерді шешу қарастырылған.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button