Nur Otan

«Елдіктің жеті тұғыры» ертеңгі күнге нақты бағдар

Didar ақпарат

«Nur Otan» партиясының ШҚО филиалы жанындағы “Miras” аймақтық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға кеңес мүшелері, ақын, жазушылар, және облыстық мәдениет басқармасының басшысы қатысты.
Отырысқа қатысушылар 23 – қараша күні өткен «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылады.
Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің отырысында еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жылда атқарған жұмысына қорытынды жасай отырып елдіктің негізгі жеті қағидатын ұсынды. Бұл осыдан бұрынғы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты бағдарламалық мақалаларының заңды жалғасы- деді «Miras» аймақтық кеңесінің төрайымы Байжанова Айгул Оралғазықызы.
Біздің халқымыз үшін тәуелсіздіктен асқан қадірлі де, қасиетті ештеңе жоқ. Бүгінгі аза күнді бабаларымыз сан ғасырлап күтті. Соның жолында жанында, барында берді. Тәуелсіздіктің қадірін әр азамат жеке түсініп қадірлеуі тиіс.

«Біз Тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 30 жыл өтті. Қазіргі кезде Қазақстанымыз әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Тәуелсіздікпен Елбасы егіз ұғым екеніне ешкімнің таласы жоқ.- деді А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының директоры, «Miras» аймақтық кеңесінің мүшесі Шағиева Бибигул Жамбылқызы.

Ақын, Драматург, «Miras» аймақтық кеңесінің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Әскерхан Хуанбай Елбасының қазақстандықтарға жолдаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы кешегі бабамыз Тәуке ханның жеті жарғысы іспеттес маңызы мен мәні зор дүние екендігін айтады.
Жалпы шығысқазақстандық зиялы қауым өкілдері, «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын қолдайтындықтарын жеткізді.

Осы айдарда

Back to top button