Nur Otan

Сайлауалды бағдарламаны орындау – басты назарда

Өскеменде Nur Otan партиясы облыстық филиалының XXV есептік-сайлау конференциясы өтті. Жиында есепті кезеңдегі жұмыс қорытындылары қаралып, филиал Саяси кеңесінің мүшелері сайланды, алдағы міндеттер айқындалды.

Облыстық конференция алдында 288 бастауыш партия ұйымының жиынымен 20 аумақтық филиалдың есеп беру-сайлау конференциялары өтті.

Аймақтық филиал Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмыстары туралы баяндаған филиал төрағасы, аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға, Жол картасын орындауға байланысты алдағы партия қызметінің басым мәселелеріне назар аударды.

Аймақ басшысы бастауыш партия ұйымдарының, аумақтық және өңірлік филиалдардың жұмысындағы негізгі басымдық «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әр аудан-қаланың Жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініш-ұсыныстарын бақылау және мінсіз орындалуын қамтамасыз ету болып табылатынын атады.

Жарыссөзге шыққан партия белсенділері облыстық филиал Саяси кеңесінің жұмысына баға бере отырып, бастауыш партия ұйымдары төрағалары, депутаттар мен құрылымдық бөлімшелер басшылары жұмысының түрлі аспектілеріне тоқталды.

Сондай-ақ, конференцияда облыстық филиал Саяси кеңесінің және бақылау-тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button