Ауыл шаруашылығы

Шаруашылықтарға көмек көрсетілді

Ұлан ауданының мал өсірумен айналысатын шаруашылықтарына төрт түлікті қыстан аман алып шығу мақсатында аудандық әкімдік тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді.

Шаруашылықтарға көмек көрсетілдіАтап айтқанда, қыстамаға кірген 5 айдың ішінде жеке шаруашылықтарға және шаруа қожалықтарына арзан бағамен 1100 тонна әлеуметтік кебек (1 келісі – 15 теңгеден) бөлініп, жеткізілген.

Оның үстіне алыс қыстақтарға баратын жолдарды ашып, мал азығын межелі жерге жеткізуге көмектескен облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды, жоюды ұйымдастыру басқармасы қызметкерлерінің де еңбегін ерекше атап өткен жөн. Аталмыш мекеменің ауыр техникасы әсіресе, маңызды жолдарды қымтап тастаған қасат қардан арылтуда көп көмегін тигізді.

Осындай көмектің және малшы қауымның ерен еңбектерінің арқасында төрт түлік қыстамадан аман шығарына сенім мол.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button