Денсаулық сақтау

Әр азаматтың денсаулық паспорты болады

Әр азаматтың денсаулық паспорты болады


Облыстың емдеу мекемелеріне медициналық ақпарат жүйесін енгізу 2018 жылдың екінші тоқсанында толық аяқталуы тиіс. Салалық министрліктің жоспары бойынша бұл жұмыс республика көлемінде 2019 жылдың бірінші қаңтарына дейін созылады. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов мәлімдеді.

Аталмыш жүйе денсаулық сақтау мекемелеріне пациенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға, құжаттармен жұмыс істеуді тиімді әрі нақты ұйымдастыруға, дәрігерлік қателерді азайтуға септігін тигізеді. Құжаттардың электронды айналымы пациенттің ауру тарихын бірыңғай базаға енгізіп, ол туралы нақты деректерді алуға көмектеседі.

-Әрбір азаматтың денсаулық паспорты жасалған кезде, ол жайында мәліметтер пациенттердің соңынан еріп жүреді, бұл оларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарта түсуге оңтайлы, – деді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, медициналық ақпарат жүйесі алдымен облыс орталығындағы №1 қалалық аурухана мен облыстық ана мен бала орталығында енгізілген болатын. Бұл жоба келешекте медициналық көмекті автоматтандыратын базалық ІТ-шешімдердің бірі болады деп күтілуде.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button