Құқық

Өскеменде жыл басынан бері 38 сотталғанның жазасы өзгертілді

Жыл басынан бері Өскемен қаласының Үлбі аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 38 сотталған тұлғаның жазасы сот қаулысымен өзгертілді.

Үлбі аудандық пробациялық қызмет бөлімінің инспекторы Мөлдір Жаппарованың айтуынша, бүгінгі күні аталған бөлімнің пробациялық тізімінде 324 сотталған есепте тұрған көрінеді. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап бөлім қызметкерлері 45 сотталғанға қатысты олардың бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына  ауыстыру туралы Өскемен қаласының №2 сотына ұсынымдар жолдаған. Нәтижесінде 38 сотталғанға қатысты  жолданған ұсыным сот шешімімен  қанағаттандырылып, заңды күшіне енген.

Cотты болғандардың ішінде ойнап жүріп от басқандар да аз емес, бостандықта жүріп сот жүктеген міндеттерді орындамай, соттың сенімін ақтай алмағандарда бар.  Үлбі аудандық пробация қызметінің негізі мақсаты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған адамдардың арасында ел заңнамаларына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүргізу болып табылады. Пробация қызметкерлері бұрындары сотталғандарды тәрбиелеу негізінен идеологиялық жұмыстар арқылы жүргізген болса, қазіргі уақытта олардың жұмысы ізгілікті көзқарас негізінде заңдылық қатынаста және сүрініп кеткендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асырылуда, – деп қосты Мөлдір Жаппарова.

Осы айдарда

Back to top button