Құқық

Шемонайхадағы түрме күзетшісі оқ атуға мәжбүр болды

Шығыс Қазақстан облысының Шемонайха ауданында орналасқан түзеу мекемесінің сыртқы коршауынан ішке қарай бір адам белгісіз бір затты лақтырып, артынша дереу ізін суытқан.

Оқиға кешкі сағат 20.05 шамасында болған, деп хабарлайды Дидар ақпарат.

Осы сәтте іштегі сотталушынің бірі тұрғын аймақтан сытылып шығып, белгісіз зат түскен аумаққа қарай ұмтылған. Мұны байқап қалған бекет сақшысы алдымен қарауыл бастығына хабар береді. Одан кейін жазасын өтеушіге дауыстап ескерту жасайды. Бірақ сотталушы сақшының бұл әрекетіне мән бермеген. Жауынгер бұдан кейін қолына қаруын алып жоғары қарай ескерту ретінде оқ атады. Бұл уақытта әскери жасақ оқиға орынына жедел жетіп, тыйым салынған заттарды алып кетпек болған сотталушыны ұстайды. Кейін белгісіз азамат сотталушыларға спирттік ішімдік лақтырғаны анықталды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button