Заң талабыҚұқық

Қазақстанда азаптау фактілері бойынша 17 адам сотталды

Бүгін  2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша Бас прокуратура алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

Бас прокуратура алқасының отырысында азаптаудың алдын алу мәселелері қаралды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Азаптаудың алдын алу мақсатында заңнамалық және практикалық шаралар қабылданды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп азаматтарды жеткізу қағидалары бекітілді, адамды ұстаған сәттен бастап міндетті бейнетіркеу қарастырылды.

Осы мақсатта колонияларда, тергеу изоляторларында және тергеу органдарының қызметтік үй-жайларында бейнебақылау қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, Стамбул хаттамасының стандарттары бойынша азаптау туралы істерді тергеу әдістемесі әзірленіп отыр.

ҚР Бас прокуроры Берік Асылов азаптаумен және басқа да қатыгездікпен күресуге баса назар аудара отырып, алдын алудан бастап жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге дейінгі кешенді тәсілдің қажеттілігін атап өтті.

Жалпы азаптау фактілері бойынша күштік құрылымдардың 35 қызметкеріне қатысты істер сотқа жіберіліп, 17 адам сотталған екен.

 

 

Осы айдарда

Back to top button