Барлық сұраққа жауап берді

Өскеменде жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертуі бар сотталғандармен Өскемендегі солжағалау аудандық ПБ ОМПС бастығы, полиция капитаны Руслан Сейтқазинов пен Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің басшысы Ерасыл Төлегенов кездесу өткізді.
– Сотталғандармен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оларға әлеуметтік көмек түрлері, жұмысқа орналасу, пробациялық бақылаудың шарттары мен сотпен жүктелген міндеттердің орындалуы, сондай- ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Жиналғандар өздерін толғандырған барлық сұрақтарына толық жауаптар алды, – деді Ерасыл Төлегенов.
«Тіркелген элемент» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қылмыстық құқықбұзушылықтарды қайталап жасауы мүмкін тұлғалармен заңдылықты сақтау және өмір салты туралы әңгіме өткізді. Бұл кездесу ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған адамдармен жүргізілді.
– Іс-шараның мақсаты-санаттары анықталған тұлғалардың жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауын алдын алу мақсатында олардың мінез-құлқын түзетуге бағытталған әлеуметтік құқықтық сипатын анықтау, – Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны Гүлжан Таткенова.