Ауыл шаруашылығы

«Нұрлы ел – Зырян» жобасы қолға алынды

«Нұрлы ел – Зырян» жобасы қолға алындыАудандық ауыл шаруашылығы саласының мамандары Зырянда ірі қара санының арту үрдісі байқалғанын айтуда.

Осыған байланысты былтыр 2011 жылмен салыстырғанда малдың өнімділік көрсеткіші 15 пайызға дейін өскен және қаржы есебінде 3 млрд. 700 млн. теңгенің көлеміне жеткен. Міне, осындай көрсеткіштерді ескере отырып, ауданымызда «Нұрлы ел – Зырян» жобасы жүзеге асырылатын болды. Аталмыш жоба бойынша аудандағы тоғыз ауыл шаруашылық базасы бағдарламаға енгізілді.

Осы бағдарламаға енгізілген «Орталық сауда-дайындау және сату пункті» ЖШС 30 тоннаға жуық сүт өнімін өндірмек. Бұған қоса ауылдық жерлерде сүт қабылдап алатын бөлімшелерді ашу да жоспарда бар.

Аталмыш жұмысқа жетекшілік ететін Игібай Шалов Никольск, Средигорный және Чапаев ауылдық округтерінде сүт өнімін сатып алушылар мен тауарды тасымалдайтын жүргізушілер де табылғанын айтады. Сонымен қатар, сүттің сапасын анықтайтын арнайы құрылғылар да сатылып алыныпты.

Арай Жүнісова

Зырян ауданы.

Осы айдарда

Back to top button