Аймақтар аухалы

Күрделі жөндеуден өткізіледі

Ақжар ауылындағы Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицейі келесі жылы күрделі жөндеуден өткізіледі.

Бұл туралы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Шомпайұлының ауданға арнайы келген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұртуған Маратұлымен бірге аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордасы саналатын орта білім ордасының жай-күйімен танысу барысында белгілі болды.

«Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицейінің бүгінгі жағдайы барша халықты аландатып отырғаны сөзсіз. Осы тұрғыда облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының тапсырмасына сәйкес келер жылы мекемеге күрделі жөндеу өткізуге облыстық бюджеттен 119 млн. теңге қаражат бөлінеді деп жоспарлануда», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Ал ағымдағы жылы жылыту қазандығы жөнделіп, арнайы кабинеттер жаңа жиһаздармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аудан әкімі аудан орталығындағы оқу ордасының материалдық-техникалық базасын қосымша жаңарту, ауласын абаттандыру жұмыстарының барысымен танысып, қосымша тапсырмалар берді.

Айта кетсек, бүгінде 320 оқушыға ықшамдап салынған орта білім ордасының ашылғанына ширек ғасырдан астам уақыт өткен. 1996 жылы көпшіліктің ұсынысымен білім ордасына Тарбағатай өңірінің ағартушылық саласына зор еңбегі сіңген белгілі педагог Қыдырбек Биляловтың есімі берілді. Дарынды балаларға арналған гимназия-интернаты 2019-2020 жылдары Қыдырбек Билялов атындағы мектеп-лицейі атағына ие болды.

Айзере Сұлтан

Осы айдарда

Back to top button