Аймақтар аухалы

Риддер ЖЭО-ның желдету жүйесі жаңартылуда

Риддердегі жылу электр орталығында күрделі жөндеу жүріп жатқаны белгілі.
Нысанға көмір шаңын ұстап қалатын жаңа желдету жүйесі де орнатылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Желдету жүйесі немесе аспирация дегеніміз – технологиялық жабдықтың шаңы жиналатын құбыр. Мұндай құбырға жиналған көмір шаңы кәдеге жаратылады. Қазір құбырды құрастыру және монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Аспирация жүйесі ЖЭО ғимаратының ең жоғарғы деңгейіндегі отын беру галереясына орнатылады. Жер деңгейінен 20 метр қашықтықта орналасқандықтан кәсіпорын мамандары мұны «жиырмасыншы белгі» деп те атайды. Мұнда конвейер арқылы көмір жеткізіліп, бункерлерге таратылады. Сондықтан бұл жер бункер галереясы деп аталады. Әрбір қазандық қондырғысының осындай бункері бар. Орташа қысымды қазандықтарда біреу, ал жоғары қысымды қазандықтарда екеу болады.
23 наурызда дәл осы бункер галереясында қазандықтардың бірінде ақау пайда болған еді. Апат желдету жүйесінің нашар жұмыс істеуінен болды.
Бас мердігер – «Перспективті технология» ЖШС-ның өкілі Александр Матвиенконың айтуынша, желдету жүйесі тозғандықтан шаң тым көп шоғырланып қалған.

– Көмір жеткізілген кезде ауада шаң пайда болады. Станция қалыпты жұмыс істеген кезде ауаны ылғалдандырып отыру керек, яғни аспирациялық қондырғылар мүлтіксіз жұмыс істеуі керек. Барлық қажетті жабдықты орнатқаннан кейін, мұндағы жағдай түбегейлі өзгереді, – деді маман.
Жылу көзінің аспирациялық жүйесі толық жаңартылады. Қазір желдеткіш қолшатырлары, электр қозғалтқыштар сынды қосалқы механизмдер орнатылып қойды.

Осы айдарда

Back to top button