Үкімет резервінен Риддерге 8,4 млрд теңге бөлінді
Риддердегі нысандарды қалпына келтіру үшін жөндеу жұмыстарына 8 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.
Қаражаттың басым бөлігі жылу электр орталығын жөндеуге жұмсалады, деп хабарлайды Didar ақпарат.
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылға арналған республикалық бюджетінде Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласына шұғыл шығыстарға көзделген резервінен жалпы сомасы 8 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді, – деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ қаржы отынмен қамтамасыз ету галереясы мен аспирациялық жүйені күрделі жөндеуге жұмсалады.
Айта кетелік, қазір Риддерде барлық 6 қазандық агрегатында, отын беру желісінде, турбина цехында, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылу желілерінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Ынтымақ Толқын