Білім

Күн көзінен қуат алатын көлік жасады

Күн көзінен қуат алатын көлік жасады
Күн көзінен қуат алу арқылы қозғалатын көлікті ойлап тапқан Ұлан ауданының Р.Мәрсеков атындағы мектеп оқушысы Бекзат Амандықұлы «ЭХРО-2017» көрмесіне жолдама алды.
Өскемен экономика және қаржы колледжі мен Қазақстан-Американдық Еркін унивеститетінің «Бизнес» кафедрасының ұйымдастыруымен ЖОО және колледж студентері мен мектеп оқушылары арасында «EXPO-2017» тақырыбында өткен «Жастар және бизнес» атты облыстық бизнес-жобалар байқауында «Инновациялық кәсіпкерлік» бағыты бойынша байқауға түскен Бекзат Амандықұлы өзі ойлап тапқан күн көзінен баламалы қуат аталын көлігімен Гран Приді жеңіп алды.
Бизнес-жобалар байқауына 11 қалалық, алты аудандық мектептің оқушылары мен 11 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері қатысты.
– Байқау өте жоғары дәреже ұйымдастырылды. Осыған дейін де байқауларға қатысқандықтан менде қобалжу, уайымдау болған жоқ. Осы жобамды жүзеге асыру үшін екі жыл көлемінде жетекшіммен бірге жұмыс істедім, – дейді Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің 10 «а» сынып оқушысы Бекзат Амандықұлы.
Күн көзінен қуат алатын көлікті әзірлеу үшін Бекзат Өскемен қаласындағы жас техникатер станциясындағы арнайы үйірмелерге қатысты, облысымыздағы көлік шығарушы ірі компаниялардың инженерлерімен кездесіп, тәжірибе алмасты, баламалы қуат көзін қолданып жүрген азаматтармен кездесті және екі жыл көлемінде аянбай еңбек етті.
– 2015 жылы Бекзат маған өзінің күн көзінен қуат алатын көлікті жасап шыққысы келетінін айтты. Бірінші жылы біз бұл тақырыпты зерттеп, жоспарын құрдық. 2016 жылдан бастан жобаны жүзеге асыруға кірістік, яғни, түрлі зерттеулер, есептеулер жүргіздік. Ең қиыны күн көзінен қуат алатын батареяларды іздеу болды. Бірақ оларды тапқаннан кейін көлікті орнынан қозғалту үшін, оның жалпы қозғалысы үшін қанша энергия керек болатынын есептей бастадық, – деп түсіндірді жоба жетекшісі, Р.Мәрсеков атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Қарлығаш Ілиясова.
Облыстың жетекші кәсіпорындары мен ұйымдарының жоғарғы білікті мамандары қазылық еткен байқауда Бекзат өзі ойлап тапқан көліктің тиімділігін, оны іске қосу үшін қанша қаражат, қанша техниканың қажет екендігін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде оның жобасы «Инновациялық кәсіпкерлік» бағыты бойынша үздік аталып, автор арнайы дипломмен марапатталды. Сонгдай-ақ, ол бағалы сыйлыққа және Астана қаласында өтетін «ЕХРО-2017» көрмесінің тегін жолдамасына ие болды. Ал оның жетекшісі Қарлығаш Ілиясова жобаға оқушысын тиянақты, білімді дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Әмір Қилымбек

Ұлан ауданы

Осы айдарда

Back to top button