Құқық

Жаза өтеу тәртібін бұзбаған көкпектілік сотталушы мерзімінен бұрын босатылды

Жаза өтеу тәртібін бұзбай, түзілгенін дәлелдеген көкпектілік сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босады.

Көкпектілік тұрғын осыдан үш жыл бұрын қарақшылық жасағаны үшін істі болып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 2019 жылы оның жазасының өтелмеген бөлігі сот шешімімен жеңілдетіліп, бас бостандығынан шектеу жазасына алмастырылды. Пробациялық бақылау кезінде тәрбие жұмыстары тұрақты жүргізіліп, сотталушы тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жаза өтеу тәртібін және өзіне сот қаулысымен жүктелген міндеттерді бұзбай, жүргізілген тәрбие жұмыстарынан дұрыс қорытынды шығара білген ол, өзінің түзілгенін дәлелдеді. Осы себептерге байланысты сотталушы заң бойынша жаза өтеудің белгілі бір бөлігін өтегеннен кейін аудандық сотқа жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрап қолдаухат жазды. Пробация қызметі тарапынан да сотталушының түзу жолға түскендігін дәлелдейтін іс-құжаттар жинақталып, аудандық сотқа жолданды. Осылайша, онлайн өткен сот отырысында оң шешім шығарылып, сотталушы жаза өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.

Осы айдарда

Back to top button