Заң талабы

Ескертуді елемей айыппұл арқалады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдың жабылғанын елемей, жолға шыққан жүргізушіге 72 мың теңге айыппұл салынды.

Биыл қыста облыс өңірлерінде қар қалың жауып, қатты боран соғуына байланысты көлік жолдары жиі-жиі жабылып қалып жатыр. Тіпті кейбір күндері өңірдегі барлық жолда көлік қозғалысын шектеуге тура келді.

Осы айдың басында Зайсан ауданының 39 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің қауіпті жол учаскесіне шығуға болмайтындығы туралы заңды талабына бағынбай, «Toyota Avalon» автокөлігімен жабық тұрған республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай тас жолына шығып кеткен еді.

Полицияны тыңдамай, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндірген жүргізуші Зайсан аудандық сотының шешімімен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы, 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 21 АЕК, яғни 72450 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button