Заң талабы

Екі күнде 800-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 800-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Жол сақшыларының мәліметтеріне сүйенсек, 143 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған,  160 жаяу жүргінші  ереже бұзған, 78 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған. Автокөлікті мас кезінде басқарған  жеті жүргізуші ұсталды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Гавань аймағын патрульдеу кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан 27 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Мерседес” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Куәландыру көрсеткендей – жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Красина кентін патрульдеу барысында тағы бір 38 жастағы  жүргізуші орташа дәрежедегі масаң күйде тоқтатылды, ол ағымдағы жылдың  16-шілдесінен 17- шілдесіне қараған түні сағат 03.45 шамасында өз істері бойынша жолға шыққан.

-Екі жүргізушіге қатысты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Олар он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,  енді жеті жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылулары мүмкін, – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз парақшасында.

Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button