Білім

Ең тамаша сыйлық – кітап

Ең тамаша сыйлық – кітап

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында Назарбаев зияткерлік мектебінде «Кітап әлемді бағындырады» атты акция өтті.

Акция барысында сыйлық үшін кітап сатып алу керек болатын. Қатысушылар сауалнамада өздері қалаған әдебиеттің атын көрсетуге тиіс. Одан кейін мектептің кітапханасында оқушыларға кітаптардың аты жазылған тізімді берді. Ал балалар болса оларды қаланың кітапхана дүкендерінен іздеп, тапты.
Ерекше шара оқушылармен қоса мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің де назарын аударды. Кімге қандай әдебиет бұйыратыны соңғы сәтке дейін құпия сақталды. Тек 21 сәуірде ғана кітапқұмарлар өздері қалаған әдебиетке қол жеткізді. Олардың қуанышында шек болмады.

Мектептің баспасөз хатшысы Роза Құмарғажинаның айтуынша, кітап сыйламас бұрын жиналғандар алғашқы кітаптардың шығу тарихына саяхат жасаған. Зияткерліктер тұңғыш кітаптар Месопотамияда пайда болғанын білді. Қыштан соғылған жазбасы бар беттер отқа күйдірілгеннен кейін тастай берік болған. Ондаған, жүздеген беттер салынған жәшіктерді алғашқы түптеу десе де болады. Жүргізушілер сонымен қатар Қытайда тұңғыш рет 868 жылы жарыққа шыққан «Алмазная сутра» кітабы, Ресейде 1564 жылы баспашы Иван Федоровтың басып шығарған кітабы жайлы да әңгімелеп берді. Ал Қазақстандағы тұңғыш кітап Ыбырай Алтынсариннің есімімен байланысты. Ағартушы өзінің алғашқы еңбегін «Қырғыз хрестоматиясы» деген атпен 1879 жылы шығарған.

Кәмәл Естай

Осы айдарда

Back to top button