Білім

Күршімнің мектебі өңірдегі ең үздік ұйымдардың бірі атанды

Облыс мұғалімдерінің тамыз кеңесінде білікті ұстаздармен бірге, өңірдегі білім сапасы жоғары мектептердің қатары белгілі болды.

Оқушыларының соңғы үш жыл ішіндегі оқу үлгерімі бойынша Күршім ауданындағы №1 Күршім орта мектебі өңірдегі ең үздік мектептердің бірі атанып, жүлделі екінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Didar ақпарат.

«Орта білім беретін үздік ұйым» гранты иегерлерін анықтау  конкурсы педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Аталған конкурс екі кезеңде өтеді. Алғашқы аудандық кезеңде мектептердің материалдары іріктеліп алынып, облыстық кезеңге ұсынылады. Конкурсқа қатысу үшін мектептің өзінде де арнайы жұмыс тобы құрылып, тиісті талаптарға сай ауқымды шаралар атқарылған.

Екінші кезеңде облыстық конкурс комиссиясының шешімі негізінде №1 Күршім орта мектебі екінші орынды иеленіп, 19 миллион теңгенің ақшалай сыйлығына ие болды. Сыйлықтың сертификаты аудандағы, облыстағы маңдайалды білім ошағы саналатын мектептің басшысы Ерболат Мәжібаевқа салтанатты түрде табысталды.

Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button