Ауыл шаруашылығы

Бір-бір көлікпен қамтылады

Бір-бір көлікпен қамтыладыАқпан айының аяғынан бастап облыстағы ірі қара мен ұсақ малға түгелдей аусылға қарсы вакцина егілмек.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының бастығы Кенжеғазы Тоқтасыновтың айтуынша, былтыр аусылға қарсы вакцина тек осы ауру шыққан аймақтардағы малдарға ғана егілсе, биыл барлық аша тұяқты малдарға тегін егілмек.

Мал басын шығынға ұшыратып қана қоймай, тұрғындарға үлкен қауіп тудырып отырған аурудың бірі – құтырық ауруы. Өткен жылы облыста құтырық ауруының 37 ошағы тіркелген болатын. Малға бұл ауру жабайы аңдар мен қаңғыбас иттерден жұғуда. Сол себепті қазір барлық өңірлерде қаңғыбас иттерді жою шаралары жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін елді мекендерде 1784 ит жойылғанымен, бұл жұмыс Семей, Риддер қалалары мен Бородулиха, Жарма, Абай аудандарында баяу жүргізілуде.

Қазір аудандарда ауыл малына ветеринарлық қызмет көрсетумен 224 малдәрігерлік пункті айналысып отырғанымен, көпшілігінің сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ. Олардың 97-сі ғана арнайы орынмен қамтамасыз етілген. Наурыз айында сол малдәрігерлік пункттердің бәріне бір-бір көлік берілетін болып отыр. Республикалық бюджеттен бөлініп отырған 947 млн. теңгеге компьютер, құрал-сайман, тағы да басқа керек-жарақтар сатылып берілмек.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button