Ауыл шаруашылығы

Арзан азық-түлікті молынан әкелді

Үржар ауданының 27 ауылдық округінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Соның бірі – Келдімұрат ауылының аудан орталығында өткізген жексенбілік жәрмеңкесі.

Арзан азық-түлікті молынан әкелдіАуыл әкімі Қабыл Қасенов бастаған келдімұраттықтар сауда-саттыққа жақсы дайындықпен келгенін айта кеткен жөн. Азық-түлік те молынан әкелініпті.

Мұнда қой, сиыр, шошқа еттері күнделікті базар бағасынан 10-15 пайызға төмен саудаланды. Келдімұрат орта мектебіне берілген жерден өндірілген 1 тонна картоп, жарты тонна сарымсақ, «Балдырған» балабақшасының ұжымы дайындаған бауырсақ, тоқаш, тұздалған қияр, қызанақ, сонымен қатар, жеміс-жидектер де сөрелерден табылды. Ауыл тұрғындарының өз қолдарымен дайындаған сары май, қатық, құрт сияқты өнімдері де күнделікті базар бағасынан төмен болды.

Жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне «Орал», «Әмірхан», «Бейсен» шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкер Н.Кравченко ерекше үлес қосқанын айту керек.

Бейсенғазы Ұлықбек

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button