Ауыл шаруашылығы

Ағарғанның құны аспандап кетті

Былтыр облыста 739 мың тонна сүт өндіріліп, өнім көлемі алдыңғы жылғыға қарағанда 2,2 пайызға артқан. Сүт өндірісі бойынша елімізде алғашқы орындардың бірінде тұрмыз.

Ағарғанның құны аспандап кеттіСолай бола тұра ақпаннан бастап аймақта ағарғанның бағасы тағы да қымбаттап шыға келді. Мәселен, енді ел бұрын 200 теңгеден сатып алып жүрген майлылығы 4 пайыздық «Восток Молоко» зауыты сүтінің бір литрін 220 теңгеге сатып алуда. Ал майлылығы төмен 170 теңгелік сүтінің құны 200 теңгеге жетті. Айранның да бағасы айтарлықтай көтерілді.

– Біз сүт өнімдерінің бағасын небәрі 3 пайызға көтердік. Майлылығы 4 пайыздық сүттің зауыттан босатылу бағасы бұрын 185 теңге болса, қазір – 193 теңге. Өнім бағасын 15-20 пайызға дейін көтеріп, қымбаттатып отырған дүкен иелері. Әлеуметтік сауда нүктелеріндегі өнімдеріміздің бағасын сол қалпында қалдырып отырмыз. Жол, энергия шығыны бағаны көтеруге мәжбүр етті, – дейді «Восток Молоко» зауыты директорының орынбасары Әділ Жексенбаев.

Жанаргүл Мұқатай

Осы айдарда

Back to top button