Білім

15 студент жұмысқа орналасады

15 студент жұмысқа орналасады
Риддердегі аграрлық-техникалық колледжде «Серпін-2050. Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша кәсіптік білім алған 15 студент жұмыспен қамтылады.
Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратовтың айтуынша, биыл аталмыш бағдарлама бойынша білім алған он студент «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналасады. Ал қалған бесеуі аспазшы сияқты тағы басқа мамандықтарды меңгермек.
– «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқуға түскен студенттердің ата-аналарын Риддер қаласына қоныс аударуға шақырдық. Егер олар Риддерге көшіп келетін болса, біз қоныс аударушыларға барлық жағдайды жасауға әзірміз, – дейді қала әкімі.

Ажар МҰРАТҚЫЗЫ

Осы айдарда

Back to top button