Құқық

15 адам қайтара қылмыс жасаған

Өскеменде сотты болып жазасын өтеп жүргендер арасында қайтара қылмысқа барғандар қарасы азайды. 

Жыл басынан бері өздеріне сотпен белгіленген міндеттерді орындамай, құқық бұзушылыққа жол беріп, қайталама қылмыс жасағандар саны 15 адамды құрады. Осылайша, Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, темір торға тоғытылды.

– Дегенмен, бұл көрсеткіш өткен жылдың сегіз айымен салыстырғанда азайған. Яғни қайтара қылмыс жасаған азамттар санының азайғандығы байқалып отыр. Ал, өздеріне сотпен тағайындалған міндеттерді орындап ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермей мерзімінен бұрын босағандар саны екі есеге артып, 20 адамды құрады, – дейді Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы Алуа Камитова.

Қоса кетсек, пробация қызметкерлері осыған дейін сотталғандармен идеологиялық жұмыстар жүргізіп келсе, қазіргі уақытта олардың жұмысы қате жолға түскендерді жақсы адамгершілік қасиеттерге бейімдеу бағытында жүзеге асырылуда

Осы айдарда

Back to top button