Қоғам

Дін вакцина салдыруға қарсы емес

Баяғыдан-ақ жаппай вакцина алу өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Иммундық профилактиканың арқасында адамзат көптеген аурулардан құтыла алды. Алайда қазіргі кезде «вакцина салдыру қажет емес», «екпе алу діни нанымға қайшы келеді» деген сыңаржақ пікірлер де айтылып жүр.

Айта кету керек, вакцинация тақырыбы халық арасында, оның ішінде оған қарсылар – антиваксерлер арасында да жиі талқыланады. Антиваксерлер профилактикалық егулердің пайдасыздығы мен қауіптілігі туралы жиі айтуда. Қарсы тарап қатарында белгілі діни ағымдардың өкілдері де бар.

Бұл мәселе бүгінде әрбір адамға қолжетімді интернет кеңістігінде белсенді талқыланып жатыр. Түрлі тақырыптық сайттарда өз теорияларын растау үшін антиваксерлер өздерінің пікірінше салмақты дәлелдер келтіріп бағуда. Өкінішке қарай кішігірім дау-дамау үлкен жанжалға ұласқан жағдайлар да кездеседі. Бұл отбасында вакцина алудың қажеттілігі туралы ымыра болмаған кезде туындайды.

Мұндай оқиға қазақстандық отбасылардың бірінде болды. Ересек баланы COVID-19-ға қарсы вакцинациялау және оның діни заңдарға қайшы келуі туралы мәселе дау тудырған.

Айнаштың айтуынша, олар күйеуі екеуі діндар адамдар және ислам қағидаларына сәйкес өмір сүреді, яғни олар бес уақыт намаз оқиды, ораза ұстайды. Дулат вакцина салдыруға үзілді-кесілді қарсы және қызына екпе жасатуға рұқсат бермейді. Алайда зайыбы мұнымен келіспейді және вакцина салдыру қажет дейді.

Әйелді осы мәселеде білікті мамандар да қолдайды. Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус инфекциясының пандемиясын тоқтатып, әдеттегі өмір салтына оралу ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана мүмкін болмақ. Оны екі жағдайда қалыптастыруға болады – вакцина салдыру немесе ауырып шығу. Дегенмен ең жақсы емдеу алдын алу екені белгілі. Бұл – инфекцияны немесе аурудың асқынған ағымын болдырмаудың жалғыз мүмкіндігі. Өйткені егер вакцина алған адам COVID-19-бен ауырса, ол ауруды жеңіл көтереді. Сондай-ақ вакцина алған адамда ковидтен кейінгі симптомдардың, атап айтқанда ұзақмерзімді патологиялық бұзылушылықтардың пайда болу қаупі төмендейді.

Шынында да, егер біз тарихи деректерді талдайтын болсақ, жаппай иммундаудың тиімділігі бірнеше рет дәлелдегені белгілі, ол адамзатқа көптеген індетті жеңуге көмектесті.

Діни сенімге келер болсақ, мұсылман әлемінің ғалымдары вакцина салдыруға қарсы емес. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы мынадай: әлбетте, аурудың бәрі Алладан, бұл сенушілер үшін сынақтың бір бөлігі және үлкен рақым. Соған қарамастан, мұсылмандар өзін аурудан қорғау үшін Алланың қалауымен емделіп қана қоймай алдын алу шараларын да жүргізуі тиіс.

Дененің барлық бөліктері адамға аманатқа беріледі және оны мұқият күту талап етіледі. Қасиетті Құранда: «…және өзіңізді өлімге итермелемеңіз» делінген (Бақара сүресі, 195-ші аят).

Қазақстан халқына арнаған үндеуінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Шариғатқа сәйкес аса қажет болған жағдайда екпе жасауға рұқсат етілген. Дәрігерлерге көп рақмет, мен коронавирусқа қарсы екпені қалай салғандарын сезбей де қалдым. Өздеріңіз білетіндей, біздің имамдар вакцина ала бастады. Мамандар бұның денсаулық үшін өте маңызды екенін түсіндіргеннен кейін біз бұл қадамға бардық» дейді.

Бас мүфтидің үндеуін қолдай отырып облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имам Ермек Мұқатай мен ҚМДБ-ның Өскемен аймағы бойынша филиалының өкілдері биылғы сәуірдің басында COVID-19-ға қарсы екпе салдыртты.

Осы жылғы 13 сәуірде Ермек Мұқатай облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиевпен кездесу өткізіп, оның барысында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды. Осы меморандумның нәтижесі «Халифа Алтай» мешітінде егу орталығы ашылды, онда жүзден астам адам COVID-19-ға қарсы екпе алды.

Қорытындылай келе, медицина және вирусология саласындағы мамандар вакцинаны алуды және осылайша өздеріңізді және жақындарыңызды аурудан қорғауды ұсынады, өйткені тек иммундау ғана миллиондаған адамның өмірін сақтап қалатынын тарихтың өзі дәлелдеген. Сондықтан ол денсаулық сақтау саласындағы ең тиімді шаралардың бірі ретінде кеңінен танылып отыр.

Александр Исаев

ШҚО дін істері басқармасының тапсырысы бойынша

Осы айдарда

Back to top button