Қоғам

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Қарашаның 25-і мен желтоқсанның 10-ы аралығында облыста «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция жүріп жатыр. 

Акция басталғалы бері төрт күнде полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3,5 мыңнан астам адамды тексерді, 185 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды, сот тәртібімен 23 адамға ерекше талаптар қойылды.

Атап айтқанда, 27 қарашада Глубокое аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері есептегі адамдарды тексеру барысында қорғау нұсқамасы шығарылған адам санаты бойынша есепте тұрған Алтай кентінің 48 жастағы тұрғыны тарапынан құқық бұзушылықты анықтады. Ол мас болып келіп отбасында жанжал шығарған, некесіз бірге тұратын әйелді күш қолданамын деп қорқытқан. Құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 461-бабында көзделген құқық бұзу фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Қазір аталған әкімшілік іске  қатысты қосымша құжаттар жиналып жатыр, ары қарай сот қарауына жіберіледі.

Осыған ұқсас жағдай Серебрянка қаласында да болған. Отбасында жанжал шығарған ер адамды бір апта бұрын ғана есепке алған, екі күн өтпестен ол қорғау нұсқамасының талаптарын бұзды. Ол ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Осы орайда құқық қорғау органдарының өкілдері қандай да бір отбасылық зорлық-зомбылық оқиғаларды көрген немесе өзінің басынан кешірген жағдайлар болса ол адам дереу тиісті орындарға, «102» телефон нөміріне немесе «150» нөмірі арқылы Ұлттық сенім телефонына хабарласу қажет екенін еске салады.

Кәмал-Естай

Осы айдарда

Back to top button