Инфрақұрылым

Жолдар жөнделеді

Келер жылы Риддер қаласының Бутаково ауылында жолдар жөнделіп, Поперечное ауылындағы көпірлер қалпына келтіріледі.

Бұл туралы аталмыш елді мекендерде өткізілген қала әкімінің халықпен кездесулері барысында белгілі болды. Аталмыш шаралар барысында елді мекендерде биыл атқарылған істер қорытындыланып, келесі жылы қолға алынатын жұмыстар жайы айтылды. Атап айтсақ, Бутаково ауылында бүгінде құрылысы жүргізіліп жатқан су құбырларын желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Осылайша ауыл тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ауыл мектебінде мектеп асханасы мен дәлізі жөндеу көрді. Ал келесі жылы Бутаково ауылындағы жолдар жөнделмек.

Сондай-ақ, Поперечное ауылында өткен кездесу барысында ағымдағы жылы Чесноковка өзенінде ұзындығы 450 метрлік жағалау нығайтылып, түбін тереңдету жұмыстары жүргізілд. Оған қоса, автомобиль көпірі қайта жөндеуден өткізілген. Айта кетсек, Поперечное ауылындағы басқа да өткелдерді жөндеу жұмыстары 2023 жылға арналған жоспарға енгізілген.

Бұдан бөлек, биыл «Риддер – Поперечное» бағытындағы жолаушы тасымалын тұрақты ету аясында осы бағытты субсидиялауға қаражат бөлінгенімен, тасымалдаушы оған қызмет көрсетуден бас тартқан екен. Қазіргі уақытта аталған маршрутқа басқа тасымалдаушыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

 

Осы айдарда

Back to top button