Инфрақұрылым

46 елді мекеннің бас жоспары жасалады

Облыста биыл 46 ауылдың бас жоспары әзірленбек. Бұл туралы өңір әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтылды.

– Шығыс Қазақстанда барлығы алты қала, 357 ауыл бар. Биыл 46 елді мекеннің бас жоспары әзірленеді. Бұдан бөлек, Шемонайха, Серебрянка және Алтай қалалары үшін бас жоспар әзірлеу басымдыққа ие. Арнайы жол картасы және одан ары қарай әрекет ету алгоритмі жасалды, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, Өскеменде құрылыс тығыздығы тексерілуі қажет. Себебі үйлердің арасы тым жақын орналасса, халыққа қолайсыздық тудырады.

– Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына Өскемендегі құрылыс тығыздығын тексеруді тапсырдым. Бұл адамдардың өмір сүру сапасына теріс әсер етпеуі үшін маңызды. Қандай да бір заң бұзушылықтар анықталса тиісті шара қолданылады, – деді облыс әкімі.

 Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button