Экология

Жастар Бұқтырма жағасын қоқыстан тазартты

Жуырда Бұқтырма су қоймасындағы «Простор» лагерінде «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының қолдауымен «Көңілді алабұға – 2012» КТК командаларының фестивалі болып өтті.

Жастар Бұқтырма жағасын қоқыстан тазарттыФестиваль аясында Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған семинарлар, футбол, волейбол, үстел теннисі бойынша спорттық жарыстар, «Бұқтырма сұлтаны мен аруы» ән байқауы, сондай-ақ аталған партияның облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен «Таза жағалау» акциясы ұйымдастырылды.

Көңілді тапқырлар сайысына Өскемен мен Семейден келген командалар қатысты. Фестивальда «Икра» командасы жеңімпаз атанды. Бұдан бөлек алау жанындағы әуенді кештер мен жалынды би думандары да өткізілді.

Шұғыла Қалиева

Осы айдарда

Back to top button