ТОПЭкология

Өскеменде пластик бөтелке қабылдайтын фандомат орнатылды

Өскемен қаласында Sparklo сервисінің алғашқы фандоматы орнатылды.

Фандомат #ТазаҚала #Чистыйгород бағдарламасының аясында орнатылды. Бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдайды. Бұл – өзімізге пайда әкеле отырып, табиғат пен туған қаламызға көмектесудің тағы бір жолы, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Спаркломатқа бөтелкелер мен алюминий банкаларды өткізіп, орнына серіктес компаниялардан жеңілдіктер мен бонустар алуға болады.

Бірінші фандомат Виноградов көшесіндегі “CITY FOOD” фуд кортында орнатылды.

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, сұранысқа қарай олардың саны да арта түседі. Осындай тағы бес фандомат орнату жоспарланып отыр.

– Фандоматты пайдалану өскемендіктердің жақсы дәстүріне айналады деген сенімдемін, – дейді шаһар басшысы.

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button