БрифингЭкология

Ауаны ластайтын құбырларға автоматты бақылау датчиктері орнатылады

Төтенше жағдайлар кезінде экологтар апатторыны мен келтірілген залалды ұзақ уақыт анықтайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында болған баспасөз мәслихатында экология департаменті аталмыш мәселені шешудің жаңа жолы туралы айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

-Барлық қалдықтарды шығару жүйесінде бақылау датчиктері орнатылуы тиіс. Соның көмегімен апат болған жағдайда жылдам ақпарат алып, әрекет ете аламыз. Бұл жұмыс ағымдағы жылы барлық кәсіпорындарда аяқталуы тиіс. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап біз осы датчиктерді өнеркәсіптік пайдалану деңгейіне шығуымыз керек. Қазір экология министрлігі мен оның ведомстволық ұйымдары бағдарламалық қамтамасыз етуді реттеуде. Соның арқасында Қазақстан бойынша әрбір құбырдан ақпарат алынатын болады. Бұл ақпаратты онлайн режимінде барлығына қолжетімді етеміз. Біз оны табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының сайтында орналастыруды көздеп отырмыз, -деді облыстық экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.

Ынтымақ Толқын

 

 

Осы айдарда

Back to top button