ЖаңалықтарЭкология

Өскеменнің мектептерінде фандомат орнатпақшы

Бірнеше апта бұрын Өскеменде пластик бөтелкелерді өткізетін алғашқы фандомат орнатылды. Әр өткізілген бөтелке үшін бонустар беріледі, оны жеңілдік ретінде пайдалануға болады.

Виноградов көшесіндегі фандомат тұрғындар арасында сұранысқа ие болып, екі күннің ішінде толып кетті, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Бұл аппаратқа өткізілген пластик бірден қайта өндіруге жөнелтіледі.

Қазір бізде 3 фандомат бар. Осындай 50-ге жуық аппарат орнатуды жоспарлап отырмыз. Оларды қаланың мектептерінде де орнатамыз. Қоқыс өңдеуші зауыт бұл көлемге дайын, бүгінгі таңда 17 мың тонна қайта өңдеуден өтті, – деді  «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС-нің инженері Жанат Иксынбаев.

Сондай-ақ жақын арада қоқыс шығаратын компаниялар қаладағы қоқыс контейнерлерін жаңарта бастайды.

Сара Жомарт

Осы айдарда

Back to top button