Экономика

Жанармай бағасы арзандады

Отандық нарықта жағымды жаңалық. Жалынан ұстатпай кеткен жанармай бағасы төмендеді. Бес-алты теңгеге болса да. Бұл туралы еліміздің Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанармай бағасы арзандады– Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылдың 25-маусымдағы бұйрығына сәйкес «Брент» маркалы мұнай котировкасы мөлшерінің өзгеруіне байланысты мұнай өнімдерінің шекті бағасы төмендетілді, – деп жазады аталмыш агенттіктің баспасөз қызметі.

Соған сәйкес ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бастап қосымша құн салығын қоса есептегендегі дизельдік отынның литрі – 90 теңге, АИ 80 маркалы бензиннің литрі – 86 теңге, АИ 92 және 93 бензиндерінің литрі 106 теңгеден саудаланатын болады.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button